Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2382 0 пікір 22 Қараша, 2011 сағат 04:59

Қарақат Шалқар. Илья неге жылады?

Жылаудың да түр-түрі бар. Жеңілістің ащы дәмін татқандар қамығып жылайды. Біреу жоқтықтан тарығып жылайды. Шаттыққа бөленіп, тебіреніп жылайтындар бар. Әлем чемпионатындағы Ильяның көз-жасы - тәуелсіздіктің 20 жылдығына жасаған керемет сыйы. Бауырмал қазақ даласына деген ризашылықтан туған сезімі. Оның бәрін көзіміз көрді. Себебі, Париж төріндегі әлем чемпионаты саңлақтарымызды аяқтан шалуға келгенде тартынып қалмады. Ол аз десеңіз, ұйымдастырушылардың Қазақстанның мемлекеттік әнұранын қоюдың орнына, КСРО-ның гимнін шырқатып жібергенін қалай ұмытармыз?! Солай бола тұра, Қызылорданың өрені қара нардай төзімділікпен қарсыластарынан қара үзіп шықты. Бейжің олимпиадасында бөркімізді аспанға аттырған 226 келі, бұл жолы да Лондон олимпиадасына бастар жолды айқындап берді. Қазақ даласының шаңына аунап, саф ауасынан қуат алған Илья үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл - еліміздің спорт тарихындағы жаңа белес. Басыңды айналдырар толағай табыс. Бірақ талабы таудай ұлан табиғат берген мінезден ауытқымады. Тұғырдың ең биік сатысында тұрып, еліміздің әнұраны шырқалғанда көз жасына ерік берді. Кез келгеннің қолынан келмес жүрек тебірентер сәтті қазақ халқы өлсе ұмытар ма? Туған даласына, дарқан халқына деген риясыз жүректің лүпілі осындай-ақ болар. Әйтпесе, көк туымызды лақтырып жіберіп, әнұранға "елтігендерді" де көргенбіз. Алла сондайлардан сақтасын!

Жылаудың да түр-түрі бар. Жеңілістің ащы дәмін татқандар қамығып жылайды. Біреу жоқтықтан тарығып жылайды. Шаттыққа бөленіп, тебіреніп жылайтындар бар. Әлем чемпионатындағы Ильяның көз-жасы - тәуелсіздіктің 20 жылдығына жасаған керемет сыйы. Бауырмал қазақ даласына деген ризашылықтан туған сезімі. Оның бәрін көзіміз көрді. Себебі, Париж төріндегі әлем чемпионаты саңлақтарымызды аяқтан шалуға келгенде тартынып қалмады. Ол аз десеңіз, ұйымдастырушылардың Қазақстанның мемлекеттік әнұранын қоюдың орнына, КСРО-ның гимнін шырқатып жібергенін қалай ұмытармыз?! Солай бола тұра, Қызылорданың өрені қара нардай төзімділікпен қарсыластарынан қара үзіп шықты. Бейжің олимпиадасында бөркімізді аспанға аттырған 226 келі, бұл жолы да Лондон олимпиадасына бастар жолды айқындап берді. Қазақ даласының шаңына аунап, саф ауасынан қуат алған Илья үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл - еліміздің спорт тарихындағы жаңа белес. Басыңды айналдырар толағай табыс. Бірақ талабы таудай ұлан табиғат берген мінезден ауытқымады. Тұғырдың ең биік сатысында тұрып, еліміздің әнұраны шырқалғанда көз жасына ерік берді. Кез келгеннің қолынан келмес жүрек тебірентер сәтті қазақ халқы өлсе ұмытар ма? Туған даласына, дарқан халқына деген риясыз жүректің лүпілі осындай-ақ болар. Әйтпесе, көк туымызды лақтырып жіберіп, әнұранға "елтігендерді" де көргенбіз. Алла сондайлардан сақтасын! Жарыстан соң Ильяның қуаныштан ентігін баса алмай: «Бұл жеңісімді тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаймын. Бұл - халықтың, елдің жеңісі. Қазақстаннан да үш дүркін әлем чемпионы шығатын күн, міне, жетті. Енді екі дүркін Олимпиада чемпионын шығарайық!» - деді. Батыр ұлға сәт-сапар тілейік ағайын.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441