Аңсар Тұрсынханыш, саяси мәдениет және кішкентай көпірдің хикаясы
Әй, осы біздің әкім-қараларда ес болсайшы. Біздің елде әкім десе, көз алдыңызға айналасына әкіреңдеген, шікірейген, жандайшаптары жапырылып жанынан қалмайтын, ақымақ болса да ақылды адамның кейпін көрсетіп, жазып берген дайын дүниенің өзін ежіктеп әрең оқитын, күлдіргі әңгіменің кейіпкеріндей бір жан елестей қалады. Сондай әкімнің бірі - Алматы облысын басқарып отырған Аңсар Мұсаханов мырза.
Аңсарға алты аласымыз, бес бересіміз жоқ. Алайда, Мұсаханов мырзаның саяси мәдениет һәм мемлекеттік құндылық деген нәрселерден хабары шамалы ма деп қалдық.
Себеп мынау: Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің үстінен жаңа көпір салыныпты. Ұзындығы - 152, ені - 12 метр. Көпірдің ашылуында әкім мұндай «керемет» көпір Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отырғанын айтып, сөзінің аяғын «Зор денсаулық тілеймін» деп туған күндік тостқа айналдырып аяқтады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қит еткенге тели беретін ойыншық емес, Аңсар Тұрсынханыш! Тәуелсіздік - мемлекетіміздің ең асыл құндылығы, байлығы. Егер Қараталдың үстінен көпір салсаңыз, ол сіздің әкім ретіндегі міндетіңіз. Көпір халықтың табан ет, маңдай терімен еңбектеніп өз мемлекетіне төлеген салығының есебінен салынып отыр. Жұртқа өз бидайын өзіне қуырып беріп, оны жаңа көпірімен құттықтау деген сөз - келемеж. Тышқан мұрнын қанатсаңыз да Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап жіберу өте сауатсыз жарнама. Сосын аймақ басшысы ретінде әр істеген істі міндетсу - саяси мәдениетке жат.
Көпір салу, аймақтың экономикасын көтеру, елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту, білім, ғылым, мәдениетті көркейту, жұрттың жағдайын жасап, тілін табу Аңсар Тұрсынханыш сияқты әр әкімнің бұлжымас міндеті. Сол үшін де әкім болып тағайындалады. Ал, бір кішкентай көпірді Алматы облысының бұқарасын жарылқап тастағандай, Тәуелсіздікке теңдессіз сый жасағандай республика көлемінде «Хабар» сияқты арналардан жалаулату - сау адамның санасына сыймайды. Мемлекеттік қызмет міндетсіну үшін берілмейді, Мұсаханаов мырза!
«Абай-ақпарат»