Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
3707 2 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 13:00

42 500 теңге төлеуге заңнамалық негіз жоқ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден басталатын екі апталық карантин кезінде әлеуметтік төлем беру мәселесіне қатысты айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойылды. Вице-премьер төтенше жағдай болмағандықтан, бұл төлемге заңнамалық негіз жоқ екенін атап өтті.

«42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлем жасай алмаймыз дейді. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем жасала ма?», - деп сұралды.

«Бұл - төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деді Е. Тоғжанов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 918
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2376
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 623
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 602