Сенбі, 23 Қараша 2024
5390 33 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 14:49

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевқа монумент орнатылды

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдына Қазақстанның бұрынғы президенті, Қауіпсіздің кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент орнатылды. Бұл туралы «tengrinews.kz» жазды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің ашылу рәсіміне онлайн режимде қатысты. Ол өзінің құттықтау сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Назарбаевтың алар орны мен ұстанған саясаты туралы айтыпты.

«Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның Қарулы Күштері Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылғандықтан, бұл монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәні зор.

«Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әскери әлеуетімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты. Оның басшылығымен халқымыз бен елімізді ықтимал әскери қақтығыстардан қорғау мақсатында армиямыздың перспективалары мен міндеттері, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдықтары мен механизмдері айқындалды. Нұрсұлтан Назарбаев Президент болған жылдары әскери құрылымның заңнамалық және құқықтық-нормативтік базасы әзірленді. Сондай-ақ Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамы жасақталып, армияның қарулануы кезең-кезеңімен іске асып, заманауи инфрақұрылым қалыптасты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 6 шілде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күні. Биыл Назарбаев 80 жасқа толады. Осыған дейін президент Тоқаевтың Елбасы туралы мақаласы «Егемен Қазақстан» гәзетінде жария болған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі қызметтері:

Ол былтыр наурызда президент өкілетін тоқтататынын мәлімдеген. Бірақ «Нұр Отан» партиясының лидері және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінде қалды.

- Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы,

- «Nur Otan» партиясының Төрағасы,

- Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы,

- Қазақстан Республикасы ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы,

- Назарбаев университеті, зияткерлік мектебі және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесі Төрағасы,

- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атақтары мен марапаттары:

- «Елбасы» статусы,

- «Құрметті сенатор» атағы,

- «Еуразия экономикалық одағының құрметті төрағасы» атағы,

- «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы» мәртебесі,

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан алған және шетелдік ғылыми атақтары мен лауазымдары туралы біз бұған дейін де жазған едік.

Бұлардан бөлек, Қазақстанда Елорда, әуежай, ірі қалалардағы басты көшелер Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады. Сондай-ақ оның бірнеше ескерткіші бар.

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354