Сенбі, 23 Қараша 2024
4761 1 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 18:50

Семей мен Өскемен қалалары карантинге жабылады

5 шілдеден бастап Семей мен Өскемен қалалары жабылады. Бұл туралы ШҚ облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Оқиға дамуының ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19 қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты», - деді Ахметов.

Облыс әкімі шектеу шаралары алдағы демалыста басталатынын айтты.

«Қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды. Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз»

Алайда, өңірдегі кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚО (қысқартылған кесте бойынша) жұмысын жалғастырады.

«Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді.

Бүгінде әлеуметтік қашықтық, өзін - өзі оқшаулау, маска режимін сақтау - бұл адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасайтын қадамдардың ең азы.

Біз өз кезегімізде өңір ауруханаларын қажетті техникамен және дәрі - дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық. Қазір біздің ортақ міндетіміз шектеу шараларын бірге сақтау және вирустың таралуына жол бермеу»,- деді өңір басшысы.

Ахметовтың айтуынша, Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349