Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3768 1 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 16:15

Қырғызстан орыс-қазақ шекарасында тұрған 1,5 мың мигрантты елге қайтарды

Қырғызстан билігі Ресейдің Орынбор және Самара облыстарында шекарадан өте алмай қалған 1496 азаматын елге қайтарды. Бұл туралы Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Дипломаттардың мәліметі бойынша, Соль-Илецк қаласындағы лагерь мен Самара облысындағы Маштаково бақылау-өткізу бекетіндегі адамдар тізімге алынған. Елшілік оларға 31 автобус бөлді.

"Қырғызстан елшілігі Ресей тарапымен бірге қырғыз азаматтарын коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен тегін өтізді. Автобустарды жалдау ақысын Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб бөлді" делінген елшілік хабарламасында.

Қырғызстанның Соль-Илецк қаласындағы лагерьде тұрып жатқан азаматтарының барлығы елге қайтты.

Бұл уақытта, орыс-қазақ шекарасында Өзбекстан азаматтары көптеп жиналып тұр. Бұл туралы Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі хабарлады.

Өзбек елшілігі еңбек мигранттарынан шекарадан өткізуге көмектесем дейтін алаяқтарға сенбеуін сұрап отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739