Бұл - «біз біргеміз» деп ұрандаған биліктің отшашуы
Төлен Әбдіковтың ертеректе жарық көрген повестінде Янумака шалдың алыстан жанған басқыншылардың оттарына қарап: "тозақ оттары жымыңдайды"-деп жанұшыра айқайлап, демігіп жатып өлетіні бар еді...
Сол "тозақ оттары" кеше ДЕМІГІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚТЫҢ төбесінде тым жақын, тым биік, тым айқын шашырады. Бірақ бұл оттар жат жұрттықтардың емес, "өз басқыншыларының" өз елі "серкелерінің", кеше ғана "біз біргеміз" деп ұрандаған билігінің от шашуы еді. Олар неге мәз? Қырылып жатқан өз халының қазіргі халіне ме?
Бұл - Халық пен билік екеуінің екі бөлек екенінің анық көрінісі! Билік еш уайымсыз (уайымы сол биліктен айырылмау шығар), еш қамсыз (қамы сол туған күн шығар), еш қаперсіз (қаперінде не бар?) жасанған, жарқыраған, кемеге отырып "сырнайлатып, кернейлетіп" барады.
Халық сол... жыртық кемеде жырым-жырым киіммен, жыртықтан кірген сан прблема, сан қиыншылықты шөмішпен сапырып, биліктің жасанған кемесіне қолдарын созып, әлі де әлдене күтіп, шырылдап...маңып барады. Шарасыз.
...Тіпті, "тұяқ серпер" күш қалмаған Халықта...
Сонда деймін да, осындай жағдайда отыз жыл ойран салып, осы күнге әкеп тіреген "Елбасыны" құттықтап жатты-ау бәз біреулер...
Жағымпаздықта, арсыздықта, немқұрайылықта шек жоқ екен!
Данияр Саламаттың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz