Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3820 31 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 13:54

Қазақтың тойы жойылу керек

Қазақтың тойының католик дініне ешқандай қатысы жоқ, десе де, оған ауыр күнәлардың барлығы тән. Сол үшін ол жойылуы керек, бірақ қазақтың тойы барлық күнәлар сияқты мәңгі.

1. Қазақтың тойы - бұл тәкаппарлық. Бастысы - өзіңнің ақсүйек екеніңді, жоғарыдағыларға қатысыңның барын көрсету. Қонақтар - не "анау келген әкімнің туысы", не "прокурордың ұлы", не болмаса "президенттің күйеубаласы". Тәкаппарлық - қазақтың ең басты hәм ең сүйікті күнәсі.

2. Қазақтың тойы - бұл ырду-дырду. Туысқандардың барлығы бразилиялық карнавалға келгендей өзін елге көрсеткісі келеді. Бриони, Шанель, Гуччи-Шмучи, фрак киген ергежейлілер мен лихтенштейн ханшайымдарының көйлегін киген егде жастағы әйелдердің цирктегідей ансамблі.

3. Қазақтың тойы - бұл қомағайлық. Дастарқан түрлі тағамға толы. Бір қора қойды жіліктеп, отқа пісірген. Жылқы сойып, өзіне өзін тығып толтырған. Көмірсулар, ащы су, қамыр ауқат. Өлгенше жеп-ішу. Астауда ет алып шығу салтын еске алыңызшы. Қомағайлықтың нағыз парады емес пе?

4. Қазақтың тойы - бұл даңғойлық. Ең қымбат әртістер, сәнді көліктер, люкс балл-румдары, тамада драма театрының актері болуы шарт, тағамдарды гербі бар патшалар қолданатын ыдысқа салу керек, барлығы лимузинмен жетіп, тікұшақпен ұшып келеді. Бейонсе ән салып, Илон Маск от шашуы керек. Осының барлығы инстаграмда сторисқа шығып, тікелей эфирде көрсетілуі тиіс.

5. Қазақтың тойы - бұл ашу-ыза. Міндетті түрде біреуді айырып, тілек айтуға шығу кезегі үшін асабамен ұрсысып, араққа тойып алған есуас туысқанды тойдан қуып шығу керек. Біреу пышақ алып шығады. Қалыңдықтың әкесінің достары күйеубаламен қаhар танытып сөйлесіп, қыз үшін оның басын жұлып алатынын ескертуі тиіс.

6. Қазақтың тойы - бұл көреалмаушылық. Қазақтың кез келген тойының басты мақсаты - барлығының қызғанышын ояту, бәрінен озып той жасау. Той соңында қонақтардың барлығы іші күйгеннен өліп қалса - бұл ең идеал вариант.

7. Қазақтың тойы - бұл зинақорлық. Той соңында асабаның сайыстарында барлығы би билеуден Лас-Вегастың стрип-клубтарындағы гоу-гоу биші қыздардан да асып түседі, және қарындастары мен жеңгелерінің сексуал бенефистерінің аяқталғанын шаршаған күймен күтіп отырады.

Ең үлкен күнә - қазақтар тойдың барлығын кредит алып, хулиард теңге жұмсап өткізеді.

Қазақтың тойы жойылу керек.

Пікір иесі: Ерлан Тәжібаев

Аударған мен.

Бақытжан Бұқарбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445