Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 09:35

Ақтөбеде терроризмге қатысты күдіктілердің ісі бойынша сот амалы басталды

Ақтөбе. 24 қараша. ҚазТАГ - Ақтөбенің тергеу оқшаулағышында терроризмге қатысты екі күдіктінің үстінен көшпелі сот амалы жабық түрде өтіп жатыр, деп хабарлады бейсенбі күні облыстық сот баспасөз қызметінің бас маманы Илиада Досова.

УКА-168/2жалпы тәртіптегі колониясында қамауда отырған екі адамның 2011 жылдың ақпанында түзету мекемесінің қақпасының алдында болған жарылысқа қатысы бар, олар ҚР ҚК 233б.1б. «терроризмді насихаттау немесе терроризм актілерін жасауға шақыру», 252 б. 1б. «қаруды заңсыз жасау, қару-жарақты, жарылғыш заттарын жасау», 358б.2б. «бас бостандығынан айыру орындарынан қашуға әрекеттену» бойынша айыпталып отыр.

Бұл істі тергеумен Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД айналысты.

Мұның алдында хабарланғандай, 24 ақпанда аккумулятордың бөлшектерімен және ұсақ бұрандалармен толтырылған жарылғыш құрылғысы УКА 168/2 колониясы қақпасының алдында іске қосылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379