Жақұт мекен Жетісу
Жетісу атырабы көз жауын алатын сұлулығы мен көк майсалы, сылдырай аққан өзен-көлімен көрікті. Осындай баршаны тамсандырған саф ауасымен тыныстау, тамаша табиғатта еркін демалу арқылы адам денсаулығы нығайып, күш-қайрат бітеді. Табиғат пен адам егіз дейтініміздің түп-төркіні осыдан. Табиғаттың әлеуметтік мәселелермен қатар, экономикаға да қосары мол. Демек, туризмді дамытудың игілігі жетіп, артылады. Өркениетті мемлекеттер бұған әлдеқашан мән берген. Осы мәселе соңғы жылдары жан-жақты қолға алына бастағандықтан, барымызды жарқырата көрсетуге мүмкіндік туды. Жер жәннаты саналған өлкеміз ішкі және сыртқы туризмді өркендетуге қолайлы аймақтар қатарында болғандықтан, бұл бағытта ізгі ізденіс басым екендігі қуантады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында туризмнің 2011-2015 жылдарға арналған жоспары негізінде жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Биыл облыстық бюджеттен осы мақсатқа 32,0 млн. теңге қаржы бөлініп, туристік бедел-біліктілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық туристік көрмелер мен биржаларға тұрақты қатысу мүмкіндігіне жол ашылған. Мәселен, Испанияның Мадрид қаласындағы «FITUR», Берлиндегі «ITB», Мәскеуде өткен «Инумаркет-2011», Бейжің, Милан қалаларындағы көрмелер мен жәрмеңкелерде табиғаты тұнып тұрған көрікті жерлерді насихаттауға мүмкіндік туғанын айтсақ артық емес.

Алматы қаласында өткен халықаралық қазақстандық «KITF- 2011» туристік жәрмеңкеде ұлттық саябақтар мен туристік фирмалар және туристерді қабылдау нысандары қатысып, өңірдің демалу, бизнес жүргізу, инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы ақпараттар, туристік мүмкіндіктерді насихаттауға, басқа да мәселелердің тиянағын келтіруге қол жеткізіліпті. Өңірдің туристік атласы, туристік төлқұжаты, буклеттер, кәдесый өнімдері және Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен бағыттары бойынша экспедицияның қорытындысымен фотоальбом әзірленгені де мақсатты істер қатарында.
Өңірдің табиғи-рекреациялық ресурстары негізге алынып, экологиялық туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Экологиялық туризм негізін «Іле-Алатауы», «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай көлдері» және «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік-ұлттық табиғи бақтары, Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары құрайды. Экологиялық туризмді дамыту және табиғи бақтардағы кейбір мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында биыл Туризм және спорт министрлігі, турфирмалардың және мүдделі бизнес құрылымдардың қатысуымен «Шарын» мемлекеттік-ұлттық табиғи бағында экологиялық туризмді жандандырудың бас жоспарын таныстыру шарасын өткізді. Өскелең ұрпақты туризм түрлерімен айналысуға тартуға бағытталған шара жемісін берді. Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудегі қауымдастықтың бастамалары қолдау тапқан. Балалар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыратын экскурсиялар жиі ұйымдастырылып, жұмақ мекеннің жақсылықтары кәдеге асырылуда.
Туризмді өркендетудің басты бағыты - инфрақұрылымды дамыту. Өткен жылы осындай 470 туристік нысан тіркелсе, олардың арасында курорттық, климаттық, экологиялық, спорттық, мәдени-танымдық, аңшылық тәрізді көпшіліктің назарын аударып, көңілдерінен шығатын бағыттар бар. Қапшағай су қоймасының, Алакөл, Балқаш көлдерінің жағалауларында орналасқан орындарда мыңдаған адам демалады. Жаз қызығы есте қаларлықтай етіп, Іле өзенінің оң жағалауындағы таңбалы тас алматылықтар мен облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтатын орынға айналды.
Италиялық жобамен салынған Қапшағайдағы аквапарк үлкен-кішінің көп жиналып, көңіл көтеретін жері. Ал, Талғар ауданының аумағында «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи бағының тіптен орны бөлек. Оның күміс шыңдары мен жайқалған шабындығы, мөлдір өзендері көрген жанды бірден баурап алады. Жетісудың Шарын шатқалының құлама беткейлері, мұнаралары мен арқауларының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Табиғаттың «өз қолымен» мыңдаған жыл бойы жасаған кереметін сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны көру, сезім елегінен өткізу керек.
«Шарынның» табиғи бітімі Америкадағы Колорадо шатқалынан еш кем емес екендігі дәлелденген. Ал, Сарқан ауданы табиғатының әсемдігі, жануарлар мен өсімдік түрлерінің молдығы демалушыларға айрықша әсер етеді. Балқаш аймағы күн сәулесі молынан түсетін шағыл құмды даласымен тартымды. Шөлді, қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Әсем көрінісімен, сан түрлі өсімдік және жануарлар дүниесімен белгілі аймақта өткен ғасырдың ортасына дейін жолбарыс болған деседі. Іле өзенінің бойын әлі де елік, қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Жыл сайын «Алтынемел», «Іле Алатауы», «Шарын», «Көлсай көлдері», «Таңбалы тас», «Аңырақай шатқалы», Жаркент өңірі мен Жоңғар Алатауы бағытына экскурсиялар ұйымдастырылып, тұтынушылардың демалысын мәнді өткізуге мүмкіндігінше жағдай жасалуда. Сондай-ақ, Қарасайда «Алатау», Ақсуда «Қапал Арасан», Талғарда «Көктем» және «Ақбұлақ», Панфиловта «Жаркент-Арасан» мен «Керімағаш» емдеу-сауықтыру орындары жұмыс істейді. Халықаралық стандарттарға сай сапалы қызмет көрсететін «Старая крепость», «Моre lux», «freedom» демалыс базасы, «Табаған» кешені, «Ақбұлақ» тау шаңғысы курорты сияқты нысандарға тұтынушылар мен туристер көп келеді. Бұл бағыттарға жақсы жол салынып, демалушыларға ыңғайлы жағдай қарастырылса, алдағы уақытта мыңдаған туристің келуіне мүмкіндік туатыны айтпаса да түсінікті.
Ағымдағы жылы Көкпек, Кеген, Жалаңаш Саты Көлсай автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын тазалау жұмыстары жалғасты. Аталған көлдердің жағалауында орналасқан туристік нысандар жеке адамдардың игілігінде болғандықтан, тазалыққа демалыс орындарының иелері жауапты. Демек, осы бағыттағы жұмыс мүдделі ұйымдармен бірлесе жалғасын тауып, Жетісу өлкесінің інжу-маржанын алыс-жақыннан келгендерге жарқырата көрсету қажет.
Туристік мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру жұмыстарына ерекше мән берілуде. Мәселен, жыл сайын Орталық Азия мен Тұран университетінің оқытушылары аудандар мен қалаларда туризммен айналысатын мамандармен арнайы семинар өткізеді. Сондай-ақ, біліктіліктерін арттыру курсын өткізу де назардан тыс қалмайды.
Туризмді дамыту мен оны қаржы көзіне айналдыру мақсатындағы жобалар да бар. Мәселен, 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі бойына туризм нысандарын салу, Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталық құрылысын, Текелі және Қаскелең қаласының маңында тау шаңғысы базасын, Райымбек ауданында «Мойнақ» этнотуристік кешенін, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру және басқа да стратегиялық жоспарға сәйкес туристік-сауықтыру қызметтерін көрсетудегі жұмыстар алдағы күндердің еншісінде. Демек, өңір экономикасының бір бағыты осы саладан түсетін қаржымен толығатыны түсінікті.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.