Жұма, 22 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6820 10 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 13:53

Шпекбаев: Жемқорлықтың кесірінен індетті жеңе алмай отырмыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші жартыжылдықты қорытындылауға арналған алқа отырысы өтті. Осы жиналыста агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Білім мен ғылым министрліктерінде 2 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Пандемия барлық мемлекеттерді қалыптасқан бизнес-үдерістерді қайта пішімдеу арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, өзгерістерді тиімді басқаруға шындап ойлануға мәжбүр етті. Қазіргі таңда мемлекеттік басқаруды жеделдетіп цифрландыру тақырыбы өзекті болып тұр. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада тоқтата алатындығын көрсетті.

Осы тұрғыда қазіргі уақытта цифрлық даму мен білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша 2 қылмыстық істі тергеп жатқанымызды мәлімдегім келеді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Шпекбаев атаған екі министрліктің бірі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Асқар Жұмағалиев кеше ғана қызметінен кеткен болатын. Жұмағалиев коронавируспен күрес жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін маусым айының соңында Президенттен сын естіген болатын.

Елдегі төтенше жағдай тұсында аталған министрліктің кемшіліктері байқалған болатын. Қашықтан білім алу, онлайн жұмыс істеу, әлеуметтік көмекке өнініш беру қажеттілігі туындағанда цифрландыру жұмысының тым нәтижесіз екені көзге анық көрінді.

Министр Асқар Жұмағалиев жұмысынан кете сала, ол басқарған ведомствоның қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр. Жай қызметкер емес, жоғары лауазымды шенеунік ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық, бюрократия және басшылардың жауапсыздығы коронавируспен күреске кедергі келтіріп отырғанын айтты.

«Әлеуметтік желілерді мұқият бақылайтын кез келген адам коронавируске байланысты жағдайдың күрделенуінің басты себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық деп санайды және менімен келіседі. Бұл бір жағынан өте орынды, әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ бағаға қатысты.

Қазіргі уақытта «СҚ-Фармация» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізуі қажет. Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне тікелей байланысты. Бұл бізді ғана емес бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын қызықтырады. «СҚ-Фармация» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін», – деді Шпекбаев.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5262