Сенбі, 23 Қараша 2024
3175 3 пікір 23 Шілде, 2020 сағат 11:18

Армения мен Әзербайжан бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

Армения билігінің айтуынша, әзербайжан әскері өткен түні жеті рет атыс режимін бұзған. Ал Әзербайжан тарабы көршісін 38 рет ереже бұзды деп кінәлады.

Арменияның қорғаныс министрлігі Әзербайжан сарбаздарын шекарадағы бекетке шабуыл жасады деп те айыптады. Армян тарабының айтуынша, әскерилер қарсыластардың шабуылына төтеп беріп, ақыры қарсылас топтың әскері "ірі шығынға ұшыраған".

"Әзірге толық емес мәлімет бойынша, қарсылас тараптың арнайы жасағы шығынға ұшыраған. Бұған қоса, қолға түскен жауынгерлер де бар. Армян тарабынан шығын жоқ" делінген Арменияның қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Ал Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Адам шығыны түгілі шабуыл болған жоқ. Армения тағы да жалған ақпарат таратты" деді министрліктің ресми өкілі Вагиф Даргайли.

12 шілдеде Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс болып, 12 әзербайжан сарбазы, 4 армян жауынгері қаза тапқан. Бірнеше күнге созылған қақтығыс кезінде тараптар бір-біріне зымыранмен соққы жасайтынын айтып, сес көрсеткен.

Бірнеше ел мен халықаралық ұйымдар жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Армения мен Әзербайжанды диалогқа шақырды.

1988-94 жылдары Әзербайжанның Таулы Қарабақ ауданында соғыс болып, 30 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген мың адам босып кеткен.

Армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ соғыстан кейін, 1988 жылы Әзербайжаннан бөлініп, де-факто тәуелсіз өмір сүріп жатыр. Бірақ оның тәуелсіздігін әлі бірде-бір ел мойындамаған. Өзін "Таулы Қарабақ республикасы" деп атайтын бұл ауданды жергілікті армяндар қорғап тұр делінеді. Ал Әзербайжан бұл аймақ Армения әскерінің қорғауында деп санайды. Қарабақта әскери қақтығыс ара-тұра болып тұрады. Жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск келісіміне Ресей, АҚШ және Франция мүше.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456