Сенбі, 23 Қараша 2024
2296 0 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 14:49

Алтын Орда-750: Нұр-Сұлтанда Жошы ханның атына көше беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы елдің рухани өмірі үшін маңызды бірқатар жобаларды қабылдады. Солардың бірі – Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өту мәселесі де көтерілген.

Бұл туралы Қазақстан Президенті өткен жылдың тамыз айында «Ұлытау – 2019» атты халықаралық туристік форумында мәлімедеген болатын.

 Бүгінде қасиетті Ұлытау жерінде ұлт руханияты үшін жасалған жұмыстар аз емес. Солардың бірі «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығының ел игілігіне берілуі.

Сонымен қатар, Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау шаралары қолға алынбақ. Президент сол мақсатта Жошының кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыруды маңызды міндеттердің бірі деп атаған.

Сондай-ақ, Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында Ұлытау жерін халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығына айналдыру қажеттігі жөнінде айтылған.

Ал, бұған дейін ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге қатысты бірқатар шаралар жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Маминнің сөзінше, «Алтын Орда» экспедициясының негізіндегі бірқатар іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды.

Біріншіден, Қарағанды облысының әкімдігі 2020 жылы Ұлытау ауданында Жошы ханға ескерткіш қою туралы бастама көтерген. Одан бөлек Қарағанды облыстық әкімдігі Қарағанды қаласында да Жошы ханның ескерткішін орнату туралы ұсыыс айтқан.Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 31.05.2019 жылғы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені Қазақстанның өңірлік деңгейдегі туристік картасының (ТОП-50) объектілерінің тізіміне енген. Сондықтан бұл өңірде шамамен жылына 10 000 адамды қабылдай алатын туристік бағыттар мен музей бойынша экскурсиялар туралы ақпаратты қамтитын туристік қызметтер, көрнекі орындар ұсынылады. Сондай-ақ, аталған орында Алтын Орда кезеңіне жататын Жошы хан, Алаша хан және Домбауыл кесенелері кіреді.

Екіншіден, 2020 жылы аталған өңірдің туристік әлеуетін дамыту үшін «Алтын Орда» экспедициясын өткізу жоспарланған. Туристік соқпақтар менмаршрут әзірленіп, туристерге баратын жерлерде санитарлық-гигиеналық тораптар, кемпингтік тұрақтар орнатылады. Ұлытау өңірінде республикалық маңызы бар Жошы хан, Алаша хан, мәдени және тарихи ескерткіштерінің аумағында визит-орталығы мен этноауыл құру жоспарланған.

Сонымен қатар, баспасөз турлары ұйымдастырылып, Жошы ханның кесенесін шетел журналистері баратын объектілер қатарына енгізу жұмыстары ұйымдастырылмақ.

Одан бөлек, Қарағанды облысының әкімдігі Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Арқалық қалалары мен Ұлытау ауданы орталығы арасындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Алматы-Жезқазған, Шымкент-Жезқазған бағыттары бойынша авиарейстерді іске қосу мәселесі қарастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірлік деңгейде Тараз, Атырау және Қарағанды қалаларында ғылыми конференциялар өтіп, 2020 жылы Ақмола облысының Бурабай ауылында және Өскемен және Павлодар қалаларында жалғасады.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп 2020-2022 жылдары қосымша бірқатар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Және, Жошы хан кесенесіне жақын орналасқан Жошы ордасы қалашығына зерттеу жүргізіліп, Ұлытау өңірінің археологиялық картасы дайындалады, сонымен қатар ҚХР, Иран және Түркия архивтерінен алынған деректер негізінде Сарайшық қалашығына байланысты құжаттар жинағы шығарылады.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Ұлытау өңірінің тарихы мен мәдениеті кесенелерін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Одан бөлек, Елордада қалалық ономастикалық комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің біріне Жошы ханның атын беру мен ескерткішін орнату жөнінде мәселелер қарастырылған болатын.

Сондай-ақ, Асқа Мамин бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Ұлытау өңірінің тарихы мен мәдениеті кесенелерін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енгізу мәселесін пысықтап жатқанын да айтқан.

Мемлекет басшысы еліміздің туризм саласын дамытуды тарихи орындармен байланыстырудың маңызды екенін айтқан еді. Ал, осы жылы аталып өтілетін Алтын Орданың 750 жылдығы осы бір турзималасының әрі қарай дамуына оң серпін беруі тиіс деген болатын. Сондықтан да Қазақстандағ туризм саласын түбегейлі өзгерту қажет деді. Ал, оның бастамасы Ұлытаудан басталуы қажет екенін баса айтты Президент.

Демек, алдағы уақытта Мемлекет басшысының осы тапсырмасы отандық туризмнің негізі бағытына айналады деп болжауға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485