Жұма, 22 Қараша 2024
Жауап 10686 22 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 13:02

«Абай болмаған» деген Батаеваға жапон ғалымы жауап берді

Жақында Зауре Батаева деген адамның «Загадка Абая: величайший неизвестный поэт Казахстана» атты мақаласы жарияланды. Онда автор «Абай өмірде болмаған» деген мәнде ой айтқан. XX ғ. басындағы қазақ және Ресей империясының тарихын зерттеуші ғалым Томохико Уяманың Зәуре Батаеваның аталған мақаласына байланысты пікір білдірген екен. Жапон ғалымының жазбасын Malim.kz сайты жариялады.


Өкінішке орай, Батаеваның мақаласы мұқияттықтан алыс. Біріншіден, ол негізгі маңызды фактілерді білмейді. Мен олардың кейбіреулерін ғана келтіремін.

– Ол бірқатар мұрағат құжаттарында кездесетін «Волостной управитель» Ибрагим Құнанбаевтың барын білмейтін сияқты. Ибрагим (Ибраһим) есімі қазақ фонетикасына сәйкес келмейді деп болжай отырып, Батаева бұл нақты адамның аты емес деп болжайды, бірақ сол кездегі қазақ тілі «тазартылмаған» еді, көптеген сөздер мен атаулар басқа мұсылман түркі тілдеріндегідей жазылды..

– Ол Абайдың алғашқы кітабын 1909 жылы Санкт-Петербургте И.Бораганскийдің баспадан шығарғанын растау мүмкін емес деп айтады, өйткені Орталық академиялық кітапхананың сайтында.басылымның мәліметтері бар титулдық парақ кітаптың екі электронды нұсқасында жоқ. Бірақ басқа кітапханаларда, соның ішінде Санкт-Петербургтегі орыс ұлттық кітапханасында да бұл кітап бар. Қ.Мұхамедхановтың Бораганский туралы кітабында титул парағының фотокөшірмесі бар.

http://pushkinlibrary.kz/docs/Boraganskii.pdf

– Батаева Абайдың орыс жер аударылғандарымен кездескендігі туралы және олардың хаттарында Абай жайында табылмағандықтан ешқандай дәлел жоқ деп жазады. Бірақ біз Лобановскийдің Абайдың портретін, Михаэлистің ескерткішіндегі Абайға егжей-тегжейлі сілтемені және Абайдың ұлы Мағауияға жазған хаты туралы білеміз. Батаева олардың түпнұсқалығы туралы дауласуға құқылы, бірақ ол үшін ол оларды тексеруі керек.

– Ол Мұхтар Әуезов Абай туралы 1933 жылға дейін жазбаған дейді, бірақ оның Абай туралы бірнеше шығармалары бар, олар 1918 жылы «Екеу» бүркеншік атымен шыққан, Турағұл Кұнанбаев пен Әуезовтікі деп саналған немесе Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтікі. Тағы да, ол бұл анықтамамен дауласуы мүмкін, бірақ алдымен оларды оқып шығуы керек.

– Ол «Сұлтан Газинді» «Дала Уалаятынының» газетіне үлес қосушылардың бірі Бөкейхановтың бүркеншік аты деп санайды. Бірақ Сұлтан Газин Дала генерал-губернаторының кеңсесінде қазақ тіліне аудармашы болып жұмыс істеген Дінмұхамед Сұлтанғазин болды.

Батаеваның зерттеуіндегі ең жағымсыз тұсы – оның араб графикасында қазақшаны оқымауы (ол араб жазуын транскрипциясы үшін басқа адамға алғыс білдіреді). Оның дәлелдерінің көпшілігі Абайдың алғашқы кітабы мен Мүрсейіт қолжазбалары жалған деген болжамға негізделеді, бірақ қалай ол өзі оқымаған кітап пен қолжазбаның шынайылығына дау туғызуы мүмкін ?? Ол мағыналы текстологиялық және лингвистикалық талдау жүргізбейді, стилистикалық талдауға тырысқаны ыңғайсыз. ХХ ғасырдың үш онжылдығында қазақ тілінің орфографиясы мен лексикасы тез өзгерді, осы кезеңнің қолжазбаларының түпнұсқалығын тексеру үшін лингвистикалық талдаудың маңызы зор. Бұрын мен 1911 жылы жазылған және қазақ жерінің тәуелсіздігіне шақырған құжатта кейінгі кезеңдердің орфографиясы мен сөздік қорын қолданғандықтан оның жалған болып көрінетінін байқадым. Мен Мурсейіттің қолжазбаларын мұқият зерттеген жоқпын, бірақ әлі күнге дейін ешқандай күмәнді белгіні таба алмадым.

Абай мен Жамбылдың ұқсастығы дұрыс емес. Абайдың жазған еңбектері Совет өкіметін қуанта алмады. Қазақ совет насихаттаушылары Абайды қайта түсіндіруге көп күш жұмсады және оның антифеодалдық, исламға қарсы және толығымен ресейшілдік бейнесін жасады. Өкінішке орай, бұл бұрмаланған бейне белгілі бір дәрежеде жұмсартылғанына қарамастан, әлі де сақталуда. Абай жазуларының маңызды, бірақ елеусіз қалған жағы – олардың діни сипаты. Алаш зиялыларының да, советтік насихатшылардың да күрделі ислам терминологиясын қолдана отырып, діни философияға енген мәтіндерді жасауға ешқандай негізі болмады. (Және мүмкін шамасы да келмеді).

Томохико Уяма

Ағылшыншадан аударған С.Ыбырай

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308