Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2059 0 пікір 25 Шілде, 2020 сағат 11:39

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы жастарға кеңес берді

Бәріміз білетіндей Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Аталған мақалада Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын ұйымдастырып, бүгінгі күннің нағыз қаһармандарын анықтауды, олардың игі істерін елге үлгі етуді ұсынған болатын. 

«Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын үш жылдан бері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қазақстан халықтары ассамблеясы ұйымдастырып келеді. Аталған жобаны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мемлекеттік құрлымдардан бөлек қоғам белсенділері де жұмысқа барынша атсалысып келеді. Соның арқасында жоба әр жылы өз деңгейінде сәтті өтіп жүр.

Қазақстанда маңдай терімен игілік жаратқан, өз еңбегімен билікті бағындырған жандар аз емес. Олардың әр ісі көпке үлгі, жұртқа мақтаныш. Өкінштісі бұған дейін осындай асыл азаматтар қоғам назарынан тыс қалып жүрді. Маңдай терімен игілік жаратқандар емес, жыртың мен жылтыраққа әуес әлдекімдер қоғамның назарын аударып, елдің назарында жүрді. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы жарияланғаннан кейін ғана еңбегімен көпке үлгі боларлық жастар жарқырап көріне бастады.

Аталған жобаның арқасында белгілі жетістікке жетіп, нәтиже жаратқандар ғана емес, өзіндік ойлау қабілеті бар, көзқарасы мен ойы жаңаша жастар да ел назарына іліге бастады. Елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған жастардың жетістіктерін, жақсылықтарын дәріптеуден мемлекет ұтпаса, ұтылмайды. Жастардың үлкен мүмкіндіктеріне, жетістікке жетуге деген құлшыныстарына көп мән берілсе, мемлекеттің дамуына да үлкен септігін тигізері сөзсі.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы елдегі карантин кезінде де тоқтап тұрған жоқ. Елде карантин жарияланып, көптеген мәдени, рухани шараларды көзбе-көз өткізу қиындық тудырды. Бірақ осындай қиын сәттердің өз қаһармандары болады. Халықтың бас амандығы, денсаулығы үшін тынбай жұмыс істеп жүрген жаңа қаһармандарды ел алдына шығарып, құрметтеу ауадай қажет қазіргі таңда.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» карантин кезінде де Елбасының бастамасына сай ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» дәріптеуді жалғастырып жатыр. «ҚТЖ» ҰК» Акционерлік қоғамы компанияның өткен жылғы «100 жас есімі» болған жас қызметкерлерге онлайн білім беру сабағын өткізді. Онлайн оқуға компанияның үздік жүз жас теміршолшы қатысып, білім алды.

Жас теміржолшыларға «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы, Қазақстанның волейболдан жастар құрамасының капитаны Серік Есматов келіп қатысты. Ол компания қызметкерлеріне мотивациялық тақырыпта собақ өтті. Ал бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев отансүйгіштің және патриоттық бағытында сөз сөйледі.

Жоғарыда айқанымыздай «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының маңызы ерекше. Бұл түптеп келгенде қоғамдық жоба. Ел назарын аударуға лайық, игі ісі жұртқа үлгі боларлық 100 тұлғаны таңдап шығу қоғамның еншісіндегі іс. Не үшін қоғамның ісі деп отырмыз? Ең алдымен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» халықтың арасынан шығады. Халықтың арасында қызмет етіп жүрген, өз бетінше жаңалық ашып жүрген елге елулі азаматтардың көпшіліктің арасынан таңдап алынады.

Екінші жағынан, халықтың арасынан таңдап алынан үздік азаматтарды халық өзі бағалайды. Дауыс береді. Осы арқылы нағыз «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» халықтың өзі саралап шығарады. Сол үшін де біз бұл жобаны халықтық жоба, қоғамның еншісіндегі жоба деп атап отырмыз. Миллион адамда миллион тағдыр болатыны секілді, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атанған әрбір азаматтың өзіне тән ерекшелігі болады. Олардың ізгілікке толы өзгеше жолын көпшілікке, әсіресе жастарға үлгі етудің маңызы зор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381