Кездесу барысында қырғыз тарабы мемлекетаралық іздеуде жүрген елінің бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің Беларусьте жария түрде жүруін түсіндіруді талап еткен.
"Бұл әрекет Қырғызстан мен Беларусь қарым-қатынасының дамуына қауіп төндіреді. СІМ тиісті нота жолдап, экс-премьерді және басқа да іздеудегі адамдарды ұстап, дереу Қырғызстанға экстрадициялауды талап етті", - делінген мәлімдемеде.
10 тамызда Беларусь Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Александр Лукашенконың жеңіске жеткенін мәлімдеді. Сол күні ол "Беларусь ұлттық биотехнологиялық корпорациясы" агрокомплексіне барған. Ол жақта Лукашенкомен сыртқы келбеті Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновке ұқсайтын адам еріп жүрген. Ол 2010 жылғы оқиғадан кейін елінен қашып кеткен. Осыған дейін Данияр Үсенов аты-жөнін Даниил Урицкий деп өзгертіп, Беларусь азаматтығын алғаны жазылған.
Abai.kz