Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 7785 38 пікір 12 Тамыз, 2020 сағат 13:51

Коммунистердің көздегені не? 

Абай туған өңірден Хакім кезінде қызғыштай қорыған ұлттық руханиятымыздың әлеуметтік желідегі бүгінгі жоқтаушыларының бәрін  фашистер деп санайтындардың шыққаны жанды ауыртады екен. Бұл жайында Шығысқазақстандық semey.city және ustinka.kz сынды қос сайт бізден шыққан коммунистердің тірлігін көрдің бе денгендей оларды бір бірінен асыра дәріптей жарыса жазды. 

Ал коммунист жолдастар өздері құрған қылмысты режімінің 70 жыл бойы әм одан кейінгі 30 жыл бойы Қазақстан үшін этникалық-психологиялық зор қайғы-қасірет әкелгенін біле қоя ма екен? 

Жалпы саясаттануда фашизмді: ұлттық, таптық және мемлекеттік деп үшке бөледі. Өздері таптық фашизмнің шекпенінен шығып, кезінде Алманиядағы ұлттық фашизммен ауыз жаласып, адамзатты қырғынға ұшыратқан ІІ дүние жүзілік соғысты ашқан, енді бүгін Путиндік Ресейдің мемлекеттік фашизмінің  сойылын соққан қазақ коммунистерінің көздегені не, сонда!? 

Сайлау алдындағы дайындыққа қызу кіріскен коммунистер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ашық хаттарын орыс тілінде жазып, сайлаушыларды қазақ тілді және орыс тілді электортқа жіктеп бөліп бүйректен сирақ шығарып отырған жайы бар. 

Ашық хатқа эпиграф ретінде Елбасының 2014 жылы сол кездегі Астанадағы Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХI сессиясында сөйлеген сөзінің «Үшіншіден, этносаралық қарым-қатынастар, азаматтық тең құқылық мәселелері, тіл саясаты – мұның бәрі саяси ойындар үшін алаң емес. Оларды «кейінге» қалдыруға болмайды. Оның үстіне мойындамауға және билік үшін таласта дәйек ретінде арсыздықпен қолдануға болмайды. Ол мемлекет үшін де, халық үшін де, әрбір адам үшін де қауіпті. Сондықтан шовинизмді немесе ұлтшылдықты ашық неофашизмнен оп-оңай аттап кетуге болатындай өте әлсіз сызықтық ғана бөліп тұрғанын әркім де түсінуі керек» деген цитатасы алынған.

Бірақ өз ана тілінен бөлек бұрынғы отаршылар тілінде сөйлейтін қос тілді қара көздерімізге қатысты және бүкіл қазақ жерінде тұратын тұрғындардың мемлекеттік тілді білуіне байланысты: «Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі. Міне, ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз және бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін және ойлайтын елдер көп емес. Қазақстан солардың қатарында, бұл біздің ұлттық байлығымыз» деген Елбасының ұлағатты сөздері ашық хатта орын таппағаны өкіншіті.

Оның есесіне орыс тілді қазақ елі азаматтарын Ресейдің империялық амбициясының кесірінен өз мемлекетінің бір бөлшектерінен айырылған Украин, Гүржістан, Молдово тарихымен қорқытуының астарында не жатыр!?

Кеңестік дәуірдің мұрасын ту етіп көтерген, КСРО қалпына келтіру арманынан еш айнымайтын «Комсомольская правданың» Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев: В Казахстане нет понятия «национальное меньшинство» атты сұхбатынан үзіп-жұлып алған «Межэтническое согласие – это важнейший фактор внутриполитической стабильности, без которого невозможно устойчивое развитие страны. Казахстан, как и Россия, – многонациональное государство. Считаю, что это большой стратегический плюс, мы исходим из принципа "единство в многообразии» деген саяси мәмілегерлікпен айтылған дәйексөзіне басқаша қырынан көз жүгіртіп, өз идеологиялық түсініктерімен тәпсірлеген коммунистер «орыстар мен славяндарды ұлттық азшылық» деп санайтын қазақтың бәрін фашистке айналдыра салады. 

Иә, тәуелсіз мемлекет болған соң, онда мемлекет құрушы титулды ұлт өмір сүріп жатқандықтан тек коммунистерге ғана жағатын бір ғана пікір болмайды. Әркім өз ұлты жаһандану жұтқыншағында жұтылып кетпеуі үшін мемлекетшіл ойларын жүрген-тұрған жерлерінде жар салып айтып жүреді. Ашық хатттың «Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ешкімде шыққан тегі, нәсілі, ұлты, тілі діни ұстанымы мен тұрған жері әм тағы басқа өзге жағдайлар бойынша кемісітушілікке ұшырамауы керек» деп бастаған ҚХКП өз сөздерін өздері жоққа шығарып, жергілікті ұлтан шыққандардың мемлекет тілде сөйлегені үшін билік пен бизнес тарапынан қысымға ұшырап жүргенін еш ауызға алмайды. 

Және одан ары кеңестік дәуірден қалған өркөкіректікпен әм асқан аярлықпен «ҚХКП басы бүтін мемлекет ұстанған Конституция мен теңқұқықтық сақталуына негізделген бағытты қолдайды. Біздің іс-әрекетеміздің басты бағдарының бірі – интернационалдық бауырмалдық пен халықтар достығын бекемдеу болып табылады. Сонымен бірге соңғы кезде әлеуметтік желілерде қазақстан қоғамына сызат түзіретін қауіпті құбылыс белең алғанын атап айтқымыз келеді. Радикалды көзқарастағы ұлтшылдар тобы қалыптасып, өздерінің шовинистік мәлімделерімен бір ұлтты екіншісінен үстем етіп, заманалық проблемалардың бәріне сырттан келіп Қазақстан аумағында тұрып жатқан өзге этнос өкілдерін кінәлі етіп, өзге ұлттарға деген бейкөнтерлілік пен жаулықты қозыра түсуде» деп мүтәйімсиді. 

Ресейдің ұстанған мемлекеттік идеологиясынан  мүлдем бөлек пікірде болғандар, яғни Украинаның өз тәуелсіздігі үшін күресін құптайтындар коммунистерше ел ішін ала тайдай бүлдірушілер болып табылады екен. Сондықтан оларша елімізде «...ұлтшылдық, фашистік символика мен атрибутика дәріптеліп, кеңінен насихатталуда. Бұндай тұлғалар мен топтардың қарасының аздығына қарамай олардың ауыздарынан шыққан шовинистік үндеулері, халықты шақырулары әм еш тыйым салынбауы қоғамға іріткі салып, Қазақстанның өз ішінде ғана емес ондан тысқары жерлерде дүр сілкініс тудырады (бұл арада зәлім коммунистер өз ата қоныстағы ресей қазақтарының арасында да ұлттық сана-сезімнің оянбауын ның басылып жаншылуын өз қожаларына жағына айтып отыр – Абай кз).  Радикалды ұлтшылдардың іс-әрекеттері деструктивті деп саналып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп танылуы керек. Ең жаугер ұлтшыларды біздің қоғамға іріткі салуды көздейтін сыртқы жаулардың (Еуропа мен АҚШ – Абай кз) итаршылары деп тануға тиіс» деуінің ар жағында демократиялық үрдістерді ұстанған  қазаққа ұлттық мемлекет құрғызбаудың пасық пиғылы бұғып жатыр. 

Коммунистер тек орыс тілінде сөйлеп, біртұтас ұлтқа айналудың бұрынғы «кеңес адамы» моделін бізге орыс тілді «қазақстандық ұлт» деген контексте қайыра тықпалайды. Бұны қаламайтындарды «радикалды ұлтшылдарға» айналдыра салады. Ұлттық құндылықты қорғау қазақ елін түрлі түсті төңкеріске ұрындырып, еліміздің бір бөлігінен айырылуға соқтырады екен. Сонда Солтүстік пен Шығыстағы коммунистер бұл пікірді «...неизбежно ведет к угрозе жесткого противостояния внутри страны, с соседними странами, партнерами, вплоть до потери части территорий! В целях сохранения мира в стране мы не должны закрывать глаза на провокационные действия радикальных националистов. Каждый адекватный, здравомыслящий человек понимает, что очень легко разжечь межнациональный конфликт и как трудно его погасить. Необходимо воспитывать солидарность и взаимопонимание между этносами, выстраивать межнациональные отношения таким образом, чтобы не допускать идей и мыслей превосходства по этническим признакам. В Казахстане, независимо от этнического происхождения, все должны считать себя единым народом, единой нацией. Коммунисты, как и все казахстанцы, ценят нашу независимость, территориальную целостность и будут всеми средствами бороться за их сохранение! Вместе с тем мы отчетливо понимаем, что радикализм в любой форме губителен и разрушителен для нашего молодого государства, и будем требовать его искоренения!» деп неге ауызға алып отыр деген ойға қалдырады.

Сөз соңында айтарымыз Солтүстіктен шыққан коммунистерге қазақтың «ІІ Жаһан соғысы жайында» өздік тарихын жазғаны ұнамаса, Шығыстағы коммунистер үшін еліміздің моноұлттық мемлекетке айналуы еліміздің соры деп танушылық қара күйедей баттаса жағылып, тілдік жікішілдікті қалайтын ҚХКП өзекті өртейтін проблемасына айнала бастапты. Әрі коммунистер осы өңірлерден өздеріне сайлау кезінде жұртты «қазақ ұлтшылдығымен қорқытып» электорат жинауды осы бастан қолға ала бастағыны белгілі болып қалды. 

Сонда біздің қызыл көз коммунистер қазақтың сүт бетіндегі қаймағын жалмаған 1937-1939 жылғы қуғын-сүргінді сағынып жүр ме деген ойға да қалдырады.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 875
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1116
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1067