Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2946 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 09:10

Жас ғалымдардың жағдайы қалай?

Кезінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер, Ә.Бектұров атындағы Химия ғылымдары, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнологиялық секілді ғылыми-зерттеу институттардың қай-қайсысында да еңбек ету - ғылымға бет бұрған жастар үшін үлкен абырой еді. Бүгінде бұл үрдіс мүлде жоғалды десе де болады. Керісінше, аталған мекемелерде ғылым жолына түскісі келетін жастардың тұрақтауы өзекті мәселеге айналып бара жатқандай.

Біз институттарды бекер айтып отырған жоқпыз. Мәселен, жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен бітірген, яғни, ғы­лыммен айналысқысы келетін жастарды айтпай-ақ қояйық, аталған мекемелерде еңбек ететін ғылым кандидаттарының өзі 25 пен 35 мың теңге көлемінде айлық алады. Интеллектуалды еңбек жарыққа шыққанша оның маңайында қаншама адам тер төгеді. Олардың да еңбекақысы мәз емес. Бар болғаны - 20 мың теңге. Бұл «Ғылым саласына қыруар қаржы бөлінді» немесе «Академиктер мен ғылым док­торларының айлығы пәлен па­йызға өсті» дейтін ақпараттарға кереғар көрсеткіш емес пе? Осы және ғылымның дамуы, ғылыми-зерттеу институттарының қазіргі хал-ахуалы, жас ғалымдардың  жағдайы, т.б. мәселелер туралы ғалымдарға сауал қойған едік.

Кезінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер, Ә.Бектұров атындағы Химия ғылымдары, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнологиялық секілді ғылыми-зерттеу институттардың қай-қайсысында да еңбек ету - ғылымға бет бұрған жастар үшін үлкен абырой еді. Бүгінде бұл үрдіс мүлде жоғалды десе де болады. Керісінше, аталған мекемелерде ғылым жолына түскісі келетін жастардың тұрақтауы өзекті мәселеге айналып бара жатқандай.

Біз институттарды бекер айтып отырған жоқпыз. Мәселен, жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен бітірген, яғни, ғы­лыммен айналысқысы келетін жастарды айтпай-ақ қояйық, аталған мекемелерде еңбек ететін ғылым кандидаттарының өзі 25 пен 35 мың теңге көлемінде айлық алады. Интеллектуалды еңбек жарыққа шыққанша оның маңайында қаншама адам тер төгеді. Олардың да еңбекақысы мәз емес. Бар болғаны - 20 мың теңге. Бұл «Ғылым саласына қыруар қаржы бөлінді» немесе «Академиктер мен ғылым док­торларының айлығы пәлен па­йызға өсті» дейтін ақпараттарға кереғар көрсеткіш емес пе? Осы және ғылымның дамуы, ғылыми-зерттеу институттарының қазіргі хал-ахуалы, жас ғалымдардың  жағдайы, т.б. мәселелер туралы ғалымдарға сауал қойған едік.

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ, Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы, профессор:
- Тәуелсіздіктен кейін ға­лым­дар өз ой-пікірлерін аш­ық білдіруге үлкен мүмкіндік алды. Бұл орайда, ғалымдарға біршама жақсы жағдайлар жасалды. Жаңа қорлар ашылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдар­ламасының негізінде көптеген жаңа материалдар айналымға қосылды. Бірақ, әлі де болса біздің отандық тарих ғылымы бұрынғыдай дамып келе жатыр деуге болмайды.  Себебі, қазақ халқының шығуы, қалыптасуы, ұлт-азаттық қоз­ға­­лысының тарихы, саяси қуғын-сүргін мәселелері әлі де толық зерттелмей келеді. Оның бір қыры - көптеген мәліметтер мен дерек көздері мемлекеттік құрылым­дар­да, Бас прокуратурада, Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінде жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кішкене соларды ашқандай болып едік. Қазір түгелдей жауып тастады. Бұл енді мемлекеттік үлкен мәселе. Жоғары жақтың  бұйрығы ма, басқа жағдай ма, көптеген материалдар осы мекемелер қорында. Ал, оларсыз тарихты тұтас шынайы зерттеу мүмкін емес.
Одан кейінгі айтар жайт, ғылыми қызметкерлердің мәр­тебесі мен жалақысы  бізде басқа мемлекеттер­мен салыстырып қарағанда төмен. Мен өзім бас ғылыми қызметкермін. Жала­қымыз жақында ғана жүз мың теңгеге жақындады. Мұны қаржы, т.б. мекемелер мамандарының айлығымен салыстырсақ, түк емес. Бұл ақшаға мен өмір бойы жұмыс істеп, шашым ағар­ып, жетпістен асқанда жетіп отырмын.

Бүркіт АЯҒАН,  Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор:

- Бізде Кеңес заманынан қалған жылау-сықтау сияқты бір әдет бар. Шынын айтсақ, Қазақстан ғалымдарының, әсіресе, жұмыс істейтіндерінің тұрмысы жаман емес. Мысалы, қазір ғылым кандидаттарының айлығы 600, ал, ғылым доктор­ларының жалақысы 900 дол­лар шамасында. Өзбекстан мен Қырғызстандағы өзіміз қатарлас әріптестеріміздің ай сайын алатыны 200 доллардан аспайды. Сондықтан, ғалым дегенде бар­лығын бірге айтпау керек.
Ал, ғылымда кімдердің жағ­дайы қиын десек, шынында да жас ғалымдардың  жағдайы өте ауыр. Сол себепті, жас ғалымдарға көңіл бөлу кезек күттірмейтін шара. Оларға ең алдымен ар­зан несиемен үй беру жағын ойлау қажет. Малайзияда жас отбасыларға көрсетілер көмек түрі көп. Мысалы, онда несие алған жас отбасында екі-үш бала өмірге келсе, үкімет тарапы­нан дереу қарыз кешіріледі. Бұл бір жағынан жастарға көмек, екінші жағынан ел демографиясының өсуіне үлкен ықпал етеді. Тағы бір айта кетер мәселе, тарихшылар үшін қазір алтын ғасыр келді. Қай архивке барамын десе де рұқсат берілген. «Мәдени мұра», «Ғылыми қазына» атты бағдарламалар іске қосыл­ды. Яғни, жұмыс істейтін ғалымдарға  мүмкіндік жетеді. Қазақстанда қазір қаржы бар. Бірақ, жаза­тын, нақтырақ айтсақ, ғылымға құнттап берілген адамдар азайды. Кеңес тұсында ғалымдарға бәрін беруші еді ғой. Сол көзқарастан арыла алмай келеміз.
Тарих ғылымында айтыл­маған ақиқат, ашылмаған бет­тер өте көп. Біз осы күнге дейін Мұстафа Шоқайдың қалай, неліктен каза тапқанын білмейміз. Бұл өте маңызды сұрақ. Мұны неге зерттемеске? Қазақстанның Ресейге қалай қосылғанын да нақты айта ал­маймыз. Аймақ тарихтары да толық деңгейде зерттелмеуде. Айта берсек, мұндай мәселелер көп. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Ғалымдар бір жағынан үлгере алмай жатыр. Бір бет ғылыми тұжырым жасау үшін оған бірнеше жыл іздену керек. Екінші жағынан, әлі де болса ғалымдар тарапынан сал­ғырттық орын алуда. Көптеген ғалымдардан соңғы он жылда «не жаздыңыз, қандай зерттеу жасадыңыз?» деп сұрасаңыз, өкінішке қарай, кем дегенде 80-90 пайызының елге қажетті еңбек ете  алмағанының куәсі боласыз. Мұны неге айтпасқа? Бізде ылғи біреуді кінәлау басым. Біз ғалымдарға «не істедіңіз, соңғы рет мұражайда қашан болдыңыз?» деген сұрақты көп қоюымыз керек.

Қыздархан РЫСБЕРГЕН, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы:

- Ономастика бөлімінде үш қызметкерміз. Жастар келеді, қорғаған соң кетіп қалады. Мұн­да тек өз ісіне берілгендер ғана жұмыс істейді. Ең жас қыз­меткеріміз 25-те. Оның өзі кеткісі келіп отыр. Бізде маман жоқ. Өйткені, қаржыландыру өте төмен. Мәселен, қызыл дипломмен бітіріп келген жас қыз 27 мың теңге алады. Бұл оның не жолақысына, не пәтерақысына жетпейді. Бұлардың көбісі ауыл жас­тары. Профессор біздің өзіміз жоғары оқу орындары қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерден екі, тіпті, үш есе аз айлық аламыз. Біз өзімізді бюджеттен грант алу арқылы ғана қаржыландырамыз. Ол үшін конкурсқа қатысу, жоба­лармен жұмыс жасау керек. Мұның бәріне маман қажет.

Гүлжаһан ОРДА,  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- Менің ғылым саласында жүргеніме 20 жыл болды. Осы уақыт ішінде Қазақстан­ның экономикалық құлдыр­ау дәуірін де көрдік. 1990 жылдары ғылымның жағдайы өте мүшкіл болатын. Ол кезде  ғылыми қызметкерлер 0,25-0,5 жүктемеде жұмыс іс­теп, 5-10 мың теңге айлық алды. Дәл қазіргі таңда да солардың, яғни, ғылыми қызмет­керлердің жағдайы одан көтерілді деуге келмей­ді. Жиырма жылда еліміздің эко­­номикалық жағдайы қан­шалықты өскенімен, ғылымға көңіл жоғары деңгей­де бөлін­бей келе жатыр дей ала­мын. Мәселен, жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысы бізден бір жарым есе артық. Ғылымда жастар неге тұрақтамайды десек, бірін­шіден, еңбекақы өте аз. Нақты фактімен айтсам, бізде, кіші ғылыми қызметкерлер - 25, ал, ғылым кандидаттары 35 мың теңге алады.  Басқа мекемелерде ғылым кандидаттарының жала­қысы бұдан екі-үш есе  көп. Мысалы, біздер ғылыми-зерт­теу жобаларымен жұмыс жасай­мыз. Сол жобалар үлкен конкурстардан өтеді. Жобаны алу жолдарының өзі өте қиын. Үш жылға жоспарланған ғылы­ми жобаларға қанша көз майы­мызды жұмсағанымызбен, оған қосымша ақша төленбейді. Сол бір айлық. Ғылым жолында жүрген жастардың айлығын жеке­меншік мекемелер, тіпті, мектеп мұғалімдерінің жалақы­сымен салыстыруға келмейді. Ғылымның жұмысы өте ауыр. Кейбіреулер ғылыми-зерт­теу институы мамандарының жағ­­­­дайы жақсы деуі мүмкін. Бұлар ғылымның жай-күйін ака­демиктер мен докторлардың еңбекақысымен саралайтын­дар.  Ғылымның қара жұмысы деген болады. Оны кішкентай қызметкерлер жасайды. Мыса­лы, жазған дүниелерді комью­терге теру, оны баспаға дайын­дау, корректор, редактор, бұлар қан­ша көзмайын тауысса да, мар­дымсыз еңбекақыны қанағат ете­ді. Ғылымға көңіл бөлу осыдан басталу керек.
Әзірлеген

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

http://zan.zanmedia.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475