Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3354 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 09:15

Журналистер құқық тақырыбын қалай жазып Жүр?

Тәжірибесі озық кейбір елдерде журналистер бір салаға ғана арнайы маманданады. Экономика, заң, әлеумет салалары дегендей. Тіпті, «ә» дегеннен сол саланың қазанына түсіп кеткен журналистің білім-білігінің уа­қыт өте келе кез келген экономист, заңгер, әлеуметтанушыдан озық түсіп жататынын өмірлік тәжірибеде талай мәрте көріп, естіп те жүрміз. Ал, бізде ше? Біздің редакциялардың кө­­бінде маман жетіспеушілігі мен ең­бек штатының аздығынан кез келген журналиске әмбебап болуға тура келеді. Бұның өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері де жетерлік. Жалпы, біздің тәжірибеде журналисті арнайы бір салаға мамандандыру үрдісі бар ма? Мәселен, «журналистердің құқық тақырыбын жазудағы сауаты мен білім-білігі қандай?» деген сауалға жа­уап іздеп көрейікші.

Асқар Ақтілеу, «Әділ сөз» журна­листердің құқығын қорғау қоғамдық қорының Ақтөбедегі ресми өкілі:

Тәжірибесі озық кейбір елдерде журналистер бір салаға ғана арнайы маманданады. Экономика, заң, әлеумет салалары дегендей. Тіпті, «ә» дегеннен сол саланың қазанына түсіп кеткен журналистің білім-білігінің уа­қыт өте келе кез келген экономист, заңгер, әлеуметтанушыдан озық түсіп жататынын өмірлік тәжірибеде талай мәрте көріп, естіп те жүрміз. Ал, бізде ше? Біздің редакциялардың кө­­бінде маман жетіспеушілігі мен ең­бек штатының аздығынан кез келген журналиске әмбебап болуға тура келеді. Бұның өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері де жетерлік. Жалпы, біздің тәжірибеде журналисті арнайы бір салаға мамандандыру үрдісі бар ма? Мәселен, «журналистердің құқық тақырыбын жазудағы сауаты мен білім-білігі қандай?» деген сауалға жа­уап іздеп көрейікші.

Асқар Ақтілеу, «Әділ сөз» журна­листердің құқығын қорғау қоғамдық қорының Ақтөбедегі ресми өкілі:
- Біздің журналистер, құдайға шүкір, заң тақырыбын жазуда, өзі­нің құқықтық сауатын арттыруда әжеп­тәуір ысылып келеді. Бәрі дей ал­маймын, бірақ, көпшілігі мате­риал жазарда алдымен сол тақырыпты бі­летін басшылықпен немесе заңгер­лермен ақылдасып алады. Араларында «біреулерден пікір алсам, өз көзқарасым қайда қалады, одан объективті дүние шықпайды» дейтіндері де бар. Меніңше, ол аса дұрыс пікір емес, журналист пікірді өзгелердің аузымен бергені дұрыс, сонда ол заңның алдында да, арызданушының алдында да ұтылмайды. Өкінішке қарай, біздің кейбір әріптестеріміз біржақты пікірде кетеді де, сот алдында жауапкершілікке тартылып жатады. Ондай даулы тақырыптар болса әріптестеріме «заңгерге міндетті түрде материалыңды бір көрсетіп ал» деген кеңес берген болар едім. Мақтанғаным емес, маған қазір «Әділ сөз» қорының Ақтөбедегі өкілі ретінде тек тілшілер ғана емес, сонымен қатар, жарнама бөлімдерінің қызметкерлері, тіпті, кейде кей редакторлар да жолығып жатады. Олар­дың сауалдарына өзім тікелей жауап бе­ре алмасам, тәжірибелі таныс заң­герлерден біліп беруге тырысамын. Бізде арнайы маманданған заңгерлер аса көп емес, сондықтан, Алматыдағы заңгерлерге шығып, жиі кеңестер алып тұрамын.

Кәрібай Тасшабаев, адвокат:
- БАҚ өкілі болғаннан кейін олар міндетті түрде құқықтық та­қы­рыптарға да барып, оны талдап, оқиғаны өрбітеді. Кейде сол жур­налистердің заңгер еместігі бірден көзге ұрып тұрады. Әрине, оған заңгер болу міндетті емес те шығар. Бірақ, мәселені түбіне дейін жеткізіп, объективті түрде жан-жақты талдау қажет. Мысалы, үй мәселесі, жер дауы секілді тақырыптарда журналистер үстірт немесе біржақты кетіп қалып жатады. Оған талай мәрте куә болып жүрміз. Оны, тіпті, кейде қарапайым оқырман байқамай да қалуы мүмкін. Бірақ, заңгер мамандар бірден байқайды. Сондықтан да, олар тарапынан сұрақтың үстіне сұрақ туындап кете беретіні анық. Құқықтық мәселеде қалтарыстар көп. Кісі өліміне қатысты тақырыптарда да журналистер біржақты кетіп жатады. Сондықтан да, мен заңгер ретінде, адвокат ретінде айтатыным, өздерінің көтеріп отырған тақырыптарын алдымен сәл де болса зерттеп, түсініп алса.

Шыңғыс Сейфулла, заңгер:
- Өздерінің ғана емес, жалпы халықтың сауатын көтеруде журналистердің үлкен мүмкіндігі бар. Өз тәжірибелерінде журналистер қазіргі таңда көптеген құ­қықтық құжаттамаларды көтеруде. Бұл құқықтық сананың, құқықтық сауаттың өсуіне үлкен септігін тигізеді. Бұл - бір. Ал, олар сол ақпаратты қаншалықты объективті жеткізеді, ол басқа мәселе. Мен журналистердің заңдық тақырыптағы мақалаларын қадағалап отырамын. Барлығына ортақ проблема - көтеріліп жатқан тақырыпты заңдық көзқарас жағынан объективті түрде талдап-сараптап жеткізе алмайды. Мысалы, кейбір азаматтарға қатысты қозғалған әкім­шілік немесе қылмыстық істер бойынша оларға тағылған айыптың көлемі не болмаса сипаты туралы теріс ақ­параттар беріліп жатады. Бұны мен журналистің мәселені дұрыс тү­сінбеуінен дер едім. Көбінесе журналистер құқықтық проблемаларды көпшілік талқысына салған кезде оны өзінің субъективті көзқарасын тану арқылы талқылайды. Әрқайсысымыз заңды өзімізше түсініп, өзімізше пікір айта беретін болсақ, онда біз, ең алдымен, қарапайым халықты адастырамыз, ел арасында заңды түсінбеушілік пайда болады. Өкінішке қарай, бізде журналистерді құқықтық сауаттандыру мәселесі қазір ғана көтеріліп жүр. Рас, журналистер өздеріне қатысты  нормативті актілерді, БАҚ туралы заңдарын, Конституцияны жақсы меңгерген деп ойлаймын. Бірақ, Қылмыстық, Азаматтық кодекстегі ережелерді толықтай бүге-шүгесіне дейін біледі дей алмаймын. Олардың заңдық білімінің әріге аса алмай, шектелетіні де сондықтан. Мен, мысалы, қазіргі таңда «Заң газеті» мен «Юридическая газетадан» басқа арнайы құқықтық тақырыптарды қазып жазатын басылымдарды есіме түсіре де алмаймын. Бірақ, бұл жерде журналистерді де түсінуге болады, олар заңгер сияқты күнделікті тікелей заңмен айналысып отырған жоқ. Дегенмен, тақырыптың ашылуы, эксклюзивті шығуы үшін арнайы семинарлар, курстардан өтіп тұрған артықтық етпейді. Мысалы, өткенде Қырғызстанда Ресейден, Украинадан келген мықты заңгерлер журналистерге арнап, бір-екі апта бойы арнайы мамандандыру курстарын өткізді. Біздегі блогер-журналист Асхат Еркімбай сол семинардың басынан аяғына дейін жүрді. Біздің көптеген журналистер осындай семинарлардан дәрістер алуы керек. Өйткені, сіздер бізге оқиғаны қалай жеткізесіздер, біз де оны солай қабылдаймыз.

Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі:
- Біздің қазақ журналистері заң кеңестеріне жиі жүгіне бермейді. Тек басына күн туған заманда ғана сондай құқық қорғау ұйымдарын іздеп жатады. Бұл - біріншіден. Екіншіден, жалпы, құқық, заң тақырыбындағы мақалалар көптеген басылымдарда жиі шықпайды. Ол көбіне «Заң газетінде» басылады. Үшіншіден, жур­налистердің медиақұқық жөніндегі сауаттылығы да аз. Жалпы, мақала жазуда нені ескеру керек, неден сақ болу қажет деген секілді мәселелерді біле бермейді. Осы мақсат аясында құқықтық білім беру ісін де біз ескеріп отырмыз. Жалпы, "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы құқық қорғау ұйымы емес, журналистерге кәсіби білім беру тұрғысынан көмектесуді басты мақсат етіп отыр­ған орталық. Мәселен, мамыр айының 27-28 күндері Алматыда КИМЭП оқу орнының ғимаратында өтеді деп жоспарланып отырған «Қазақтілді ақпарат құралдары тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» атты екі күндік семинар-тренингтің бір блогы осы құқық мәселесіне арналмақ. Оған осы саланың майталман мамандары - Ғалия Әженова мен Жанерке Жанәбілова тартылып отыр.

http://zan.zanmedia.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467