Сенбі, 23 Қараша 2024
3039 1 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 15:44

Пандемия кезінде халық денсаулығын қорғаған азаматтарға стипендия беріледі

Швейцариядағы қандастарымыздың «KAZAKH – SWISS ASSOCIATION BIRLIK» бірлестігі  «UNITED FOR HEALTH» стипендиялық бағдарламасын жариялады. Стипендияға Қазақстан Республикасындағы медицина студенттері, жас дәрігерлер мен өзге де мамандық иелері үміткер бола алады. Пандемия кезінде халық денсаулығын қорғап, алдыңғы шептен көрінген 18 бен 35 жас аралығындағы 45 азаматқа 100 мың теңге көлеміндегі бір реттік қаржылай көмек беріледі. Шәкіртақы волонтерлік, академиялық, ғылыми, кәсіби, қоғамдық әрі волонтерлік іс-әрекеттерді ынталандыруға бағытталады. Қатысушылар еліміздің әр өңірінен анықталады.

Өз бетімен өтініш тапсыру үшін:

- Мына Сілтеме бойынша онлайн-өтініш толтыру;

- Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесін тіркеу;

- «Пандемияның Қазақстандағы сын-қатерлерін жеңудегі менің үлесім»

тақырыбына қазақ немесе орыс тілінде жазбаша үндеуді тіркеу (үндеу жеке

немесе ұжымдық тәжірибеге негізделген жобалар мен бастамалардың идеяларын қамтуы тиіс);

- Сертификат, анықтама, жарияланым, ұсыным хат секілді қосымша құжаттар және әлеуметтік белсенділік пен волонтерлікті растайтын сілтемелерді тіркеу керек;

2020 жылы 31 тамызға дейін өтініштер қабылданып, қыркүйек айында қорытынды нәтиже хабарланады. Сұрақтар бойынша birlikswiss@gmail.com  эл. почтасына хат жазып, біле аласыздар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458