Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2636 0 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 10:08

Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты

Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулу мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл жөнінде Қырғызстанның жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі мәлімдеді.

Асылбек уулу Қазақстанда, кейін Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және контрабандамен айналысты деп он жылға сотталған.

Мәліметке қарағанда, Жогорку сот Дамирбек Асылбек уулун босату туралы 19 тамызда шешім шығарды. Ол Бішкектегі №1 тергеу абақтысында жазасын өтеп жатқан. Жогорку сот экс-депутатқа қатысты шыққан шешім туралы түсінік бермеді.

Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты, Қазақстанда 10 жылға сотталған Дамирбек Асылбек уулу былтыр 18 қарашада Қырғызстанға экстрадицияланған.

2018 жылдың ақпананында Қазақстанның күш құрылымдары арнайы операция жүргізді. Оның аясында Жогорку Кеңештің сол кездегі депутаты мен Қырғызстанның екі азаматы – Уланбек Мурадилов және Чыңгыз Абакиров ұсталып, олар да түрме жазасына кесілген.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Дамирбек Асылбек уулун депутаттық мандаттан 2018 жылдың 16 сәуірінде ажыратқан.

Ол "Қырғызстан" партиясы тезімімен 2015 жылы Жогорку Кеңештің депутаттығына сайланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1212
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2740
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 874
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 827