Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3123 0 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 11:21

Мәжіліс депутаты Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

Үш парламенттік фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттары аймақтарда тұрғындармен кездесулерін жалғастыруда.

Кездесулердің басты мақсаты – Мемлекет Басшысының әлеуметтік бастамаларын, сондай-ақ, коронавирус індеті кезіндегі халықтың күнделікті өмір сүру жағдайы туралы болды.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов Шымкент қаласында кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, Берік Оспанов «Taссай» индустриалды аймағына және «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағына барған кезде мұндай кездесулердің қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін ел басшылығы қойған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.

Депутат Берік Оспановтың айтуынша, бизнеске жеңілдетілген несие беру тәжірибесін, шетелден әкелінетін кейбір материалдарға бажды төмендету, сондай-ақ, кәсіпорындарды өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беру керек.

Депутат кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары бойынша сұрақтарына жауап беріп, заң жобалары туралы және алдағы партияішілік сайлау туралы, яғни праймериз туралы айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1061
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2610
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704