Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2588 0 пікір 14 Желтоқсан, 2011 сағат 10:10

Алаш жолы - азаттық жолы

Кеше Алматы қаласындағы Жазушылар  одағының үйінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына «Абай.кз» ақпараттық порталы тағайындаған  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан атындағы арнайы медальді Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен нығаюына һәм болашағына  қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан 20 адамға тапсыру салтанаты өтті.  Төсбелгі төмендегі номинациялар бойынша мына адамдарға табыс етілді.

Алаш ардагерлерінің тұяғы әм алаштанушы ғалымдар номинациясы бойынша Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова марапатталады.  Сондай-ақ бұл марапат алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді мен жазушы Тұрсын Жұртбай мырзаға және Әлихантанушы, халықаралық «Азаттық» радиосының қызметкері   Сұлтан Хан Аққұлұлына берілді.

Театр мен кино өнеріндегі жарық тұлғалар номинациясына марқұм Қасым Жәкібаев, Досхан Жолжақсынов, Әуезов атындағы академиялық театрдың актері Дулыға Ақмолда лайық деп танылды.  Бүгінгі күннің батыры номинациясы қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке бұйырды.  Қазақтың күй өнері мен дәстүрлі әнін жаңа белеске көтерген, музыка зерттеу саласын соны бағытқа бұрған, күй өнеріндегі қазақ философиясының қатпарын ашқан Секен Тұрысбеков,  Таласбек Әсемқұлов, Рамазан Стамғазиев Дәстүрлі өнерді дамытқан дарабоздар деп танылды.Тоқсаныншы жылдардың қылша шатқалдай қиындығын толарсақтан кешіп жүріп әдебиет жасаған, әдебиетке, қаламға адалдығын әйгілеген  ұрпақтың белді өкілдері  Дидар Амантай мен Маралтай Райымбекұлы  Әдебиет номинациясы бойынша үздік танылып, Ә. Бөкейхан бейнесі таңбаланған төсбелгені кеуделеріне тақты.

Ұлт баспасөзінің дамуына үлес қосып, қоғамдық ойларға жалынды шығырмаларымен қозғау салған,  тарихи таным көкжиегін кеңіткен  Мейірхан Ақдәулет,  Әмірхан Балқыбек баспасөз номинациясы бойынша марапатталды. Заманауи  қаржы, экономика саласын игеріп бастауға қазақ ішінен батыл қадам басқан  Ораз Жандосов Қаржыгер-экономист номинациясын қанжығасына байлады. Сахнада тұрып рахмет лебізін ана тілінде жеткізген Ораз Әлиұлы «Бұл сыйлық менің ел алдындағы борышымды еселей түсетін болды. Біз күрес жолынан танбаймыз. Машкеевичетрмен күресіміз біздің жеңісімізбен аяқталатын болады»,  - деп жұртты бір желпінтіп тастады.  Қазақтан шыққан алғашқы математиктің бірі, қазақ жерінің тұтастығын қызыл көсем Лениннің алдында қорғап шыққан әйгілі Әлімхан Ермековтың ізбасаралары академик Асқар Жұмәділдаев пен профессор Саят Ыбырай ұлт ғалымы номинациясының иегерлері атанды. Спорт саласындағы номинация  миллиард жарым халыққа қазақ атын паш етіп, Атажұртына түбегейлі оралған Қанат Сіләмұлына берілді.  Эстрадалық әндердің биігіндегі МузАРТ тобы эстардалық әндердің экспанциясына тосқауыл жасап, қазақ жастарының бойына ұлттық музыка мәдениетін сіңіре алғандары үшін Әлихан Бөкейхан төсбелігісін омырауларына тақты.

Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлық халық танып, интеллектуалдық орта мойындайтын хас таланттарға 5 жылда бір рет беріліп тұратын болады.  Аталған шараның лайықты дәрежеде өтуіне белгілі меценат Нұртай Сәбильянов пен ақын, кәсіпкер Алмасбек Ахметбекұлы қаржылай демеушілік жасады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496