Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәрекелді! 2203 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:13

Қолөнерді жаңғыртып жүрген азамат

 

 

 

 

 

 

Қазақтың ел санасынан да, тұрмысынан да ұмытылы бастаған қолөнерімізді қайта жаңғыртуға үлес қосып, сол арқылы төл мәдениетіміздің сақталуына да септігін тигізіп жүрген азаматтар аз емес. Олардың қолынан шыққан бұйымдар елімізді айтпағанда, шетелдік көрмелер мен байқауларда да жоғары бағаланып жүр. Сондай саусағынан өнер тамған жандардың бірі Шайхы-Ислам Мағауияұлы.
Шайхы-Ислам Мағауияұлы 1992 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Арал қаласындағы №71 мектептің табалдырығын аттадым. 2007 жылы денсаулығына байланысты Арал қалалық №2 кәсіптік лицейіне «Фермер» мамандығы бойынша оқуға қабылданды.
– Үшінші сыныпта оқып жүрген кезімнен саз балшықтан жасаған төрт түлік малдың, аң-құстардың бейнесін жасай бастадым. Сол талантымды байқаған әкем Арал қаласында тұратын Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Құлманбетов Құдайбергенге шәкірт етіп апарды. Содан бері сол кісінің қасында жүріп, зергерлік ағаш ұсталығы, тері өңдеу, теріге сурет салу, мүйіз сүйектен әртүрлі бұйымдар, әдемі кәдесыйлар жасауды үйрендім, – дейді.
Тұрақты жұмыстан бөлек, қосымша өнерін өрістету үшін 2014 жылы жеке кәсіпкерлік ашып, елге шамасы келгенше өнерімен қызмет көрсетуде. Сондай-ақ Қызылордадағы «Ақмешіт» көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дизайн» мамандығы бойынша білім алды.
Биыл "Логос-Қарағанды мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігімен "Шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба дарынды жастарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету үшін жағдай жасау мақсатында гранттар беруге бағытталған. Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылуда. Шайхы-Ислам Мағауияұлы осы жоба аясында грантқа үміткер болып отыр.
Жоба аясында 14-29 жас аралығындағы дарынды қазақстандықтарға республикалық байқаулар мен фестивальдарға қатысуға 200 мың теңге көлемінде 30 грант және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға 700 мың теңге көлемінде 20 грант ұтып алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жобаға түрлі өнер саласының мамандары қатыса алады, мысалы, цирк өнері сияқты бағыттары да назардан тыс қалмаған. Біздің кейіпкеріміз де осы гранттар жобасына қатысуға бел буды.
Шайхы-Исламның осыған дейін жеткен жетістіктері аз емес. 2012 жылы ‹‹Қызылорда облысында туризм саласын дамыту перспективалары›› тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес аясында өткізілген қолөнер шеберлері көрмесіне белсене қатысқаны үшін Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 2013 жылы қыркүйекте облыстық ‹‹Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз›› облыстық конкурсына қатысып, ‹‹Үздік жасампаз›› номинациясы бойынша 2-орын иегері болды. Сол жылы Тәуелсіздік күніне орай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. 2014 жылдың 12-ші тамызында облыс әкімінің қолынан облыстық "Сыр Үміті" жастар сыйлығы сертификатын алды.
2017 жылы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өткізілген Қызылорда облысының Мәдениет қүндерінің жоғары деңгейда ұйымдастырылуына қосқан ерекше үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Қазақстанның үздік тауары - 2018» өңірлік-көрме байқауына белсене қатысқаны да назардан тыс қалмай, тиісінше марапатпен бағаланды.
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған ҮІІІ облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде «қолөнер» наминациясы бойынша Бас жүлдегер атанды.
Былтыр шығыстың жарық жұлдызы, жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 117 жылдығы аясында мемлекеттік жастар саясаты мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, рухани-әлеуметтік үрдістердің дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін республикалық «ҒАНИ СЫЙЛЫҒЫ» дипломы және медалімен марапатталды.
Шайхы-Ислам өнерін өрістетумен қатар, қолөнерге құштар әрі қолының ебі бар жастардың басын біріктіріп, оларды баулуды жоспарлап жүр.
– Білгенімнен білмегенім көп деп ойлаймын, сондықтан үнемі ізденіс үстінде жүремін. Алдағы уақытта өзімнің өнерімді дамытып, әртүрлі бұйымдарыммен халқымды қуантатыныма сенемін!– дейді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343