Жұма, 22 Қараша 2024
Араша 10925 21 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 13:19

«Орыс тілін мемлекеттік тіл мәртебесінен айыру керек»

Беларусь елінде орыс тіліне ешкім күтпеген қарсылық жасалды. ТМД-ға танымал саясаткер Станислав Шушкевич орыс тілін «Мемлекеттік тіл» мәртебесінен айыру туралы мәлімдеме жасады.

Станислав Шушкевич 1991-1994 жылдары Белорус билігінің тізгінін ұстап, 1996-2018 жылдар аралығында БСДГ  («Белорус социал-демократикалық Грамада») партиясының басшысы болған. Шушкевич 1995 жылы Ата Заңға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесін бергенін президент Лукощенконың басты қателігі деп мәлімдеді.

«Бізде ешқашан ұлтаралық алауыздық болған емес. Дегенмен біз қашанда беларусь болып қалғанымызды қаладық. Бізді, бір сөзбен айтқанда, ана тілімізден айырып, төл мәдениетімізден аластату жалғасып келеді... Орыс тіліне төніп тұрған еш қауіп жоқ. Ал, мемлекеттік тіл біреу ғана, тек – беларусь тілі болуы керек, өйткені, оның бізден басқа жерде отаны жоқ», - дейді Шушкевич.

Одан әрі бұрынғы Жоғарғы Кеңес басшысы беларусь тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі өтпелі кезеңі ұзақ та, өте ауыр жағдайды бастан өткереді дегенді жоққа шығармайды. 

Біздің елде де орыс тілі жалған қос тілділіктің тасасындағы неоотаршыл үстемдікке ие. Өкініштісі, 30 жыл бойы «орыс тілінің» жалауын көтерген бөгде тілді билікке қасқая қарсы тұратын, заңсыз «ресми тілге» басымдық беруді тоқтатуды талап ететін бірде бір саяси ірі тұлға әзірге табылмай тұр. Дәл қазір праймериз өткізіп, ұрандатып жүрген «Nur Otan» партиясы тек мемлекеттік тілде сөйлеп, жаза алатын депутаттар корпусын жасақтап, өзге партияларға үлгі бола алар ма екен? Әлде тілді қызғыштай қорғайтын «Ақ жол» партиясы тағы да «ақ қарғаның күйін кешіп» жалғыз қала бере ме?

«Заңды құқығы жоқ «ресми тіл» өз орнын біржола мемлекеттік тілге қашан бостады?» деген сауалға сайлауға түскелі жатқан партиялар өз жауабын қай кезде бермек. Әлде қазақ тілді сайлаушыларын «кемелері судан» өтіп алған соң, көзге ілмей орыс тілінде Парламентте сайрауды жалғастырамыз деген ойларынан айнымауды өмірлік мақсатымыз деп санай ма?!

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299