Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 4293 11 пікір 1 Қыркүйек, 2020 сағат 12:54

Президент: Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент Жолдауының мәтіндері БАҚ-та жарияланып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде шенеуніктер армиясы 25 пайызға қысқаратын болды.

«Пандемия кезінде біз көп нәрсеге көз жеткіздік. Жұмыстар қашықтықтан атқарылды. Биыл біз 10 пайызға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлерді қықсартамыз. Ал келесі жылы 15 пайызға азайтып тастаймыз. Шенеуніктер армиясын азайту арқылы қалғандарының еңбекақысын көбейтеміз», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Парамен ұсталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметке келе алмайтын қағида керек»

Президент Қазақстан халқы үшін тағы бір маңызды мәселе жер мәселесі туралы тағы да айтты.

«Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкміет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс», - деді Президент.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

Мемлекет басшысы өзі осыған дейін айтқанындай мұғалімдердің жалақсы жоғарлайтынын жеткізді.

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», -деді Президент.

Президентке тікелей бағынатын агенттік құрылады

Сондай-ақ, еліміздегі ең ірі холдингтер – «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» бірігетін болды. Тоқаевтың айтуынша, кезінде құрылған екі компания Қазақстандағы индустрияландыру жұмыстарына ерекше үлес қосқан.

«Қазір біз мүлдем басқа жағдайда тұрмыз. «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтерін біріктіріп, қаржылық мүмкіндігі анағұрлым зор мекеме құру керек. Осы ретте штат санын 50%-ға қысқарту керек», - деп тапсырма берді Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды бала сүю процедурасына бөлінетін квота санын жеті есеге арттыруды тапсырды.

«Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарлама бастауды тапсырамын. Жасанды жолмен бала көтеру бағдарламасындағы квота санын жеті мыңға дейін көбейтуді тапсырамын. Яғни, квота саны қазіргіден жеті есеге артады», - деді Президент.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969