Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2003 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 04:21

Мұхтар Шерім. Жекеменшік конституция

Әлдеқашан  о дүниеге  кетіп қалған бір адам алдыңызға келіп: «При­вет!­»­десе қайтесіз? Талып қаласыз, немесе: «Құрып кет!» деп жағына салып қаласыз... Ресей премьер- министрі Путин  талып та қалған жоқ, біреудің жағына  салып та қалған жоқ, өткен ғасырдың «күн көсемі» Владимир Ильич Лениннен безектеп қашып келеді. Аңшылықта жүрген еді, Путиннің дамбалы дымқылданып қала жаздады, қашып келе жатып, қармақ ұстап отырған президент Медведовті қағып та кетті. Медведовке де жан керек, орнынан тұра салып, тұра қашты. Тіпті, Ресей премьері  Путиннен озып кетті.

Олар орман ішінде жүгіріп келе жатса, бір бұтаққа басын төмен салбыратып, қарнын жалтыратып, аяқтарынан ілініп тұрған Михайл Сергеевич Горбачевті көрді. Бір сәтке бөгеліп: «Сә-сәлеметсіз бе, сізге не болған?»-деп сұрап үлгермеді, арттарынан қуып келе жатқан Ленинді көріп, одан әрі безе жөнелді.

- Ей, Путин, тоқта!-деп айқайлады Ленин. Путин жүгіріп келе жатып:

- Кешіріңіз, сіз кімсіз?-деп сұрады.

- Лениннің әруағымын.

- Әруақ атай, не болды?

- Жолда Горбачевті көрдіңдер ме?

- Көрдік!-деді  сүрініп кетіп, қайта тұрған Ресей президенті Медведов.

- Көрсеңдер, мен орнатқан кеңес үкіметін  құрдымға жіберген сол!

- Бізді неменеге қуып келесіз?-деді өкпесі өшіп, ішек қарны аузынан шығып кете жаздаған Путин.

- Қолдарыңды қысайын деп...

- Неге?-деп қалды қашып келе жатқан Медведов ышқырын бір көтеріп қойып.

- Мәләдессіңдер! Сендер үшін қуанып келемін!

- Қойыңызшы, атай...

- Сендерде бет жоқ екен, соған қуанамын!

- Спасибо...-деді Путин.

- Мен сияқты ұялмайды екенсіңдер!

- Тағы да спасибо,-деді Медведов.

- Медведов, саған да рахмет, Путин досыңды президенттік сайлауға қосқаның үшін...

- Шаршап кеттім, «перекур» болсыншы,-деп өтінді Путин. Сөйтті де, жерге отыра кетті. Оның қасына алқынып жеткен Медведов жайғасты. Ленин қуып жетті де, қатарласып отырды. Путин Лениннің әруағына барлай қарап, жөт­кірініп қойды. Сосын:

- Сәлеметсіз бе?-деді тағы да.

- Сендер президенттікті доп етіп алдыңдар. Сөйту керек.  Бір-бірлеріңе лақтырып отырасыңдар...

- Ленин атай, айтыңызшы, не істейміз?-деп міңгірледі Путин, - халық көтеріліп жатыр! «Бәрі жақсы!» деп экономика мен саясатта да алдап келдіңдер дейді...

- Конституцияны жекешелендіріп алыңдар!

- Итак жекешелендіріп алғанбыз.  Медведов екеуміздің елу де елу акциямыз бар...

- Каддафи сияқты өліп қалмаймыз ба?-деп сұрады Медведов үрейленіп.

- Қой, жаман сөз айтпа!-деген Ленин оның басына салып қалды.

- «Орыс көктемі» басталғандай...-деп күрсінді Путин.

- Бір кездері «барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деп ұрандатып едім ғой. Енді «Барлық елдердің есалаңдары бірігіңдер!»

Осыны айтып тұрған Лениннің әруағы кері бұрылып алып, тұра қашты. Аң-таң болған Путин мен Медведов жалт қарап еді, қалың халық нөпірі өздеріне қарай келеді екен... Бір кезде олар Лениннің әруағынан да оза қашып бара жатты... Жан деген тәтті-і-і...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456