Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2652 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 04:27

Жаңаөзен оқиғасы: Ашық хат

Ашық хат

Қазақстан Республикасының

Ұлт көшбасшысы- Президент Н.Ә. Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жаңаөзен қаласындағы оқиға барша қазақстандықтардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Еліміздегі адам құқықтары мен бостандықтарының гаранты ретінде осы мәселені жеке бақылауыңызға алғаныңызды көпшілік қауым қолдап отыр. Себебі ел тарихында Сіз араласқаннан кейін ғана заңдық, әділдік тұрғысынан шешілген мәселелер аз болған жоқ.

Біз бұл мәселені жан-жақты, тыңғылықты зерттеп көрдік, ереуілші мұнайшылармен де, жұмыс берушілермен де кездестік. Елбасы жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияда қарадық. Екі рет Үкіметке осы мәселені құқықтық тұрғыда шешу жөнінде ұсыныс жасадық, шешу жолдарын ұсындық. Өкінішке қарай әлі күнге жауап болған жоқ.

Қазір бұл оқиғаны ушықтырып, одан әрі жалғастырғысы келіп отырғандар да жоқ емес. Оған жол беруге болмайды. Қазір қолдағы  мәліметтерді сараптай келе, Үкімет бұл оқиғадан сабақ ала отырып, өзінің атқарушы билік тармағы ретінде төмендегідей шараларды кешенді және жүйелі түрде мемлекеттік дәрежеде жүргізуі қажет деп ойлаймыз.

Бірінші. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы еңбек қатынастарын реттейтін, сондай-ақ, жұмысшылардың жалақыларын, төлемақыларын, сыйақыларын әділетті түрде белгілейтін және айқындайтын заң актілерін бір жүйеге келтіру қажет.

Екінші. Осы оқиға барысында кәсіподақ ұйымдарының  ролі мен маңызы өте төмен болғандығы анықталды. Сондықтан, осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заң жобасын даярлап, оны Парламентте қабылдау қажет.

Үшінші. Бүгінгі күнгі тұтыну қоржынына сай келетін, «Ең төмен мөлшердегі жалақы туралы» Заң жобасын даярлап, оны Парламенттің қарауына жолдау қажет. Оның үстіне, салалық жоғарылату коэффициенті Үкіметтің есебінен құрылатын коэффициенттен емес, ол заңда белгіленген төменгі жалақыға негізделуі тиіс.

Төртінші. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларын жоғарылату мақсатында, «Төмен мөлшердегі әлеуметтік стандарт туралы» Заң жобасын даярлап, оны Парламенттің қарауына жолдау қажет.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің әділдікті жақтаудағы, ел тыныштығы мен бірлігін сақтаудағы ұстанымыңызды терең түсіне отырып, бұл оқиға әділ  шешімін табады, кінәлі адамдар жазасын алады  деген сенімдеміз.

Жоғарыда аталған заң жобалары дайын екенін айтқымыз келеді.

«Әділет» демократиялық партиясының төрағасы

Мақсұт Нәрікбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446