Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 29 Тамыз, 2020 сағат 18:06

Маңғыстауда туризмді дамытуға мүмкіндік мол!

Туризм бүгінгі адамзат баласы үшін ең жақын, ең үйреншікті сөзге айналды. Себебі әлемде екінің бірі труси, екінің бірі туризм саласында қызмет ісейтін азамат немесе екінің бірі туризмге сүйеніп нәпақа тауып отыр. Тіпті әлемде кейбір елдер туризм саласын мейлінше дамытып, осы саладағы табыстарының арқасында ғана ел экономикасын дамытып отыр. Мұндй мысалдар бір емес, ондап саналады.

Біз сөз етіп отырған туризм саласы біздің елде, Қазақстанда да қарыштап дамып келеді. Әлемдік сарапшылардың зетерттеулеріне қарағанда, кейінгі жылдары туристер көбіне көне тарихи орталықтар, мәдени мұраларға қызығушылық таныта бастаған. Демек тарихы бай, мың жылдық мәдениеті бар Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік туып тұр деген сөзі.

Осыған орай еліміздің әр аймағында туристік қызметтік дамытатын шаралар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Туристік орындар салынып, көне мәдени орталықтар жыл сайын жаңартылуда. Атап айтар болсақ, Маңғыстау облысында алдағы екі жылда екі бірдей туристік визит-орталық ашылады деп жоспаларнып отыр. Аталған орталықта ең бастысы этно-ауылдар, шатырлы қалашықтарға арналған орындар, кемпинг, глемпинг және қонақ үйлер орналастырырлады.

Осылайша, тарихи нысандарға бай Маңғыстау өңірінің мәдени мұраларын ел тұрғындарының да, шетелдік саяхатшылардың да назарына ұсынып, өңірдің экономикасын туризм арқылы арттыруға мүмкіндік жасалмақ. Жақында Ақтау қаласында алқалы жиналыс өтті. Оған туризм саласын дамыту мәселелері бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, жергілікті әкімшілік пен Kazakh Tourism компаниясының жауапты қызметкерлері қатысты. Аталған жиналыс барысында аймақтың туризмін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ғалымжан Ниязов,

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: 

«Маңғыстау қызықты тарихи-мәдени нысандардың, ландшафттардың, қажылық орындарының алуан түрлілігімен, салт-дәстүрлерге берік ұстанушылығымен ерекшеленеді. Өңірдің аумақтық орналасуы да бірегей, біз Каспий теңізі арқылы бірден бес шет мемлекетпен шектесеміз, ал бұл көп миллиондық әлеуетті нарық. Сондықтан өңір соңғы жылдары өзінің туристік әлеуетін барынша іске асырғысы келеді. Біз ұсыныстарға ашықпыз».

Маңғыстау облысының туризмді дамытуға, осы салаған инвесторлар тартуда мүмкіндігі мол. Қазіргі таңда аталған аймақта сегіз нысан мен он екі бірлік санитарлық-гигиеналық тораптың құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұндай инфрақұрылым нысанының құрылысы алдағы уақытта да жалғасады. Жоспар бойынша тағы он құрлыс салынады деп күтілуде.

Жоғарыда айтқан, санитарлық-гигиеналық қондырғының құрылысына республикалық бюджеттен 144 миллион теңге бөілініп отыр. Осы қаржының арқасында он екі нысан бой көтереді. Облыс әкімдігінің жоспары бойынша, бұл қондырғылар өңірдің Маңғыстау, Түпқараған және Қарақиян аудандарында орналастырылатын болады. Бұл құрлыс жұмыстарының бүгінгі таңда 95 пайызы аяқталып үлгерді. Ал алдағы жылы саяхатшылардың аталған туристік орталықтарға қиналмай жетуі үшін жол жағдайы жақсартылатын болады.

Туризм саласын дамытуға ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы да баса назар аударып отыр. Елордада жақын болашақта екі бірдей экологиялық саябақ салынатын болады. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жариялап отыр.

Аталған екі экологиялық саябақтың бірі Талдыкөл көлінің жағасында орналастырылады. Аталған аумақ елорданың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жоспарланған аймақтың жалпы көлемі 5700 гектарды құрайды. Сонымен қатар, бұл аумақта зерттеуші мамандар үшін арнайы алаңдар мен эксклюзивті білім беру орталықтарын орнату жоспарланып отырған көрінеді. Аталған экологиялық саябақтың құрылуы ерекше қорғалатын, қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құстар мен жануарларды қорғауға, олардың еркін өмір сүретін ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ал екінші экологиялық саябақ Майбалық көлінің маңында орналастырылады. Бұл саябақ та біріншісі секілді маңызды орталық болады деп күтілуде. Майбалық экопаркінің жер көлемі 400 гектарды құрайды. Ал су қоймаларының көлемі 120 гектар. Бұл саябақтың басты ерекшелігі, мұнда балық аулауға арналған жасанды су қоймалары орналасатын болады. Сондай-ақ, экопаркте велосипед жолдары, серуендеу жолағы, ерекше қорғалатын жағалау өңірі және спортпен айналысуға мүмкіндік беретін алаңдар құрылады.

Ең маңыздысы экологиялық саябақты аралауға келген саяхатшылардың жануарлар әлемімен танысып, әр түрлі жануарларды тамашалауына мүмкіндік беріледі. Сол үшін арнайы экопаркті аралауға арналған жолдар мен экологиялық маршруттар жасау жоспарланып отыр.

Нұрлан Уранхаев,

Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы

«Қaлaмыз «Нұр-Сұлтaн – жaйлы қaлa» бaс жоспaры aясындa дaмып келеді. Осы құжaттың міндеттерінің бірі – aстaнa қонaқтaры мен тұрғындaрының жaйлылығы үшін тaртымды ортaлықтaр құрып, ішкі туризмді дaмыту. Осындaй экологиялық пaрктер елордaның жaсыл белдеуін қaлыптaстыру жобaсынa сәйкес келеді. Демaлушылaрдың сүйікті орнынa aйнaлуы мүмкін. Жобaның тұжырымдaмaсы – бaрлық биоaлуaнтүрлілік пен тaбиғи көріністермен белгілі бір қорғaлaтын aумaқ құру. Экологиялық туризмді aт мaршруттaрын құрa отырып дaмыту жоспaрлaнудa. Осы мaқсaттa сaябaқтың қонaқтaры үшін aрнaйы соқпaқтaр жaсaлaды».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302