Сенбі, 23 Қараша 2024
2392 2 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 16:00

Der Spiegel: Навальный есін жиды, уланар алдында болған оқиғаларды есіне түсірді

Берлиндегі "Шарите" клиникасында жатқан ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный есін толық жиды. Бұл туралы құпия дереккөзге сүйенген The Insider, Bellingcat және Der Spiegel басылымдары хабарлады.

Олардың жазуынша, Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде яғни, уланардың алдында болған оқиғаларды есіне түсіре алуы мүмкін.

Жоғарыда аталған басылымдардың мәліметінше, Навальныйға дәрігер мен әйелінен басқа адамдарды да кіргізе бастаған. Бірақ саясаткермен кездесу үшін қатаң күзеттен өту керек. Ал саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш мақалалардағы кейбір жайттар ұлғайтылып көрсеткенін жазды.

Der Spiegel ақпарат көзінің айтуынша, "Шарите" клиникасында күзет күшейген. Навальныйдың есін жиғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін 9 қыркүйекте кешке қарай саясаткер жатқан аумақ қауіпсіздіктің "ең жоғары деңгейі" режиміне көшкен. Ақпарат көзінің айтуынша, Германияның арнайы қызметі тек қоқан-лоқы ғана емес, "Шарите" клиникасын қаралау сияқты "жалған ақпараттар легіне" төтеп беруге қамданып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, Навальный физикалық тұрғыда 90 пайыз қалпына келе алады, ал психикасы толық қалыпқа келген. Олар Омбыға ұшақты шұғыл түрде қондыру туралы шешім қабылдаған ұшқыштың жылдам реакциясы мен Навальныйға атропин дәрісін еккен жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекеті аман қалуына қатты көмектесті деп отыр.

Бұған дейін Die Zeit басылымықұпия дереккөзге сүйене отырып, Навальныйға "Новичоктан" да қауіптірек у берген, оны тек арнайы жабдықталған зертханада ғана жасауға болады, сондықтан бұл операцияны ресейлік ФСБ ұйымдастырған болуы ықтимал деп жазған еді. Газеттің мәліметінше, неміс билігі саясаткерді аңдыған арнайы қызмет өкілі қауіпті затты Навальный шәй ішкен кесенің жиегіне немесе кесенің өзіне шашып кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр. Удың қалдықтары саясаткер су ішкен бөтелкенің аузы мен саясаткердің қолынан да табылған

Неміс басылымының жазуынша, удың әсер ету уақытын есептеген қылмыскерлер Навальный Томскіден Мәскеуге қарай ұшқан кезде жолда қайтыс болады деп шамалаған болуы мүмкін.

Ресейлік оппозиционер, Жемқорлықпен күрес қорының жетекшісі 44 жастағы Навальный 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге бағыт алған ұшақта жағдайы күрт нашарлаған. Ұшақ саясаткер денсаулығының нашарлауына байланысты Омбы қаласына қонуға мәжбүр болған. Саясаткер Омбы ауруханасында екі күн жатты. Ондағы дәрігерлер Навальныйдың зат алмасу процесі бұзылған деп мәлімдеді. Олар "саясаткер уланды" деген Навальный жақтастарының тұжырымын жоққа шығарған. Дегенмен "Медузаның" жазуынша, Омбыда саясаткердің уланғаны "айдан анық болғандықтан" жедел жәрдем көлігінде оған атропин салған.

22 тамызда туыстары мен жақтастарының талабымен саясаткер Берлиндегі "Шарите" клиникасына ауыстырылды. Неміс дәрігерлері зертханада тексергеннен кейін Германия үкіметі Алексей Навальный құрамы жағынан совет одағы кезінде шығарылған әскери "Новичок" уына ұқсас затпен уланды деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні неміс дәрігерлері Навальныйдың денсаулығы жақсарғанын, комадан шыққанын хабарлаған еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467