Сенбі, 23 Қараша 2024
Болған оқиға 3262 5 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 11:46

182 миллион теңге. Атырауда екі шенеунік парамен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлады. 

Ондағы мәліметтерге сүйенсек, кеше, яғни, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров ұсталған. Оларға 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдік таңылған.

;feature=emb_title

Күдікті шенеуніктерді елордадан Атырауға арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Ал істің мән-жайына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат таратылмаған.

Нұрлан Таубаев - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары. 

1976 жылы 26 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, жоғары білімді, 1998 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен геология инженері, 2003 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын юриспруденция, 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

- 1995 жылы Атырау қаласында «Экспресс-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған.

- 2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы,

2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы,

- 2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы,

- 2012-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы,

- 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы,

- 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,

- 2017-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,

- 2018-2019-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

Маратапттары:

- 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»,

- 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен наградталған.

Тимур Басаров - Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы.

1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыс техникумын, содан кейін Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құрылыс бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:

- 1998 жылы құрылыс алаңында шебер болып бастаған. Оралдағы өндірістік кооперативте құрылыс инженері болып жұмыс істеді.

- 2004 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде» еңбек етті.

- 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында түрлі лауазымдар атқарды.

Осы қызметке дейін - Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483