Nur Otan ұсынған праймериз (SWOT-талдау)
Шын мәнінде алып қарайтын болсақ NurOtan саяси жүйедегі жақсы дәстүрдің негізін қалап отыр. Праймериз - «NurOtan» партиясы ұсынған жаңа саяси тренд. Бұл сайлаудағы үміткерлердің құрамы мен сапасын жақсартуға алып келеді деп үміттіміз. Біздің кейде депутаттарға көңіліміз толмай жатады. Көп нәрсе өкілді органдарға сайланатын депуттардың алдын ала іріктелу жолымен байланысты екені белгілі. Праймериз осы депутаттар қатарында болатын үміткерлерді іріктеудің әлемде кең таралған демократиялық әдістерінің бірі.
Сонымен бірге, қоғамда праймеризге байланысты кереғар пікірлер де баршылық. Оның партияның басқа партиялардың алдын орап сайлауға алдын ала дайындық деген пікір айтуда. Бірақ бірнәрсені ескергеніміз жөн - праймериз партияның ішкі ісі. Ол тек партиялық ішкі құжаттармен реттеледі. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей facebook-тағы өз парақшасында жариялады. Басқа партия мүшелері немесе партияда жоқ азаматтар праймериз өткізбе деп айта алмаймыз ғой. Басқа партиялар да өткізсін. Біз бұл жағдайға қуанамыз.
Праймеризге байланысты қоғамдағы пікірлер көбінесе эмоционалды көңіл күйге және стереотиптерге байланысты беріледі. Оның барысын объективті талдайтын зерттеулер тапшылық. Осыған байланысты зерттеулерде кеңінен қолданылатын қарапайым SWOT-талдау әдісін қолдана отырып Nur Otan партиясы ұйымдастырып отырған праймериз барысын талдап көрсек. Бұл пікірлер әрине субъективті және автордың жеке пікіріне негізделген, дегенмен де объективті жағдайларды ескере отырып жасалған.
«NurOtan партиясының ұйымдастырып отырған праймериз барысын SWOT-талдау»
S (күш) |
- Партиялық электораттың кең құрамы
- Партияның мол саяси тәжірибесі
- Партиялық құрылымдық мүмкіндіктері
- Елбасының парасаттылық қолдауы
- Кең таралған филиалдар мен бастауыш ұйымдар желісі
- Қоғамдық ұйымдардың праймеризді объективті өтуін бақылауы
W (тәуекелдер)
- Кең форматтағы праймериз өткізудің тәжірбесінің аздығы
- Аймақтардағы кадрлық кәсіби дайындық дәрежесінің жеткіліксіздігі
- Праймериздегі онлайн дауыс берудегі технологиялардың жұмыс істеуінде мүмкін болатын кедергілер
- Праймеризге қатысатын үміткерлердің іріктеуге қатысу тәжірибесінің болмауы
O (мүмкіндіктер)
- Партиялық негізгі сайлауалды стратегиясын жаңарту мүмкіндіктері
- Мәжіліс және жергілікті мәслихаттарға ұсынылатын партиялық тізімдерін объективтілік және шынайы бәсекелестік жағдайында ұсыну мүмкіндігі
- Кадрларды ротациялау және жергілікті кадрлық мүмкіндіктерді күшейту
- Республикалық және аймақтық деңгейде жаңа лидерлердің пайда болуы
- Аймақтық жобаларды іске асыру
- Партия ұсынатын тізімдер қатарына талантты жастарды және әйелдерді көбірек тарту
- Электоратпен жұмыс істеу тәжірибесін ұлғайту
T (қатерлер)
- Эпидемелогиялық ахуалдың нашарлау қауіпі
- Селекторат пен электораттың саяси мәдениетінің даму деңгейіндегі айырмашылықтар
- Наразылық көңіл күйдің артуы
- Жергілікті жердегі әкімшілік кедергілер.
Тағы да назар аудару қажет бұл субъективті пайымдаулар. Енді осы талдаудағы праймериз өткізудің потенциалы мен мүкіндіктерін пайдалануға және тәуекелдері мен қатерлерін азайтуға партия тарапын қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталсақ.
Партиялық потенциал және мүмкіндіктер
Кез келген партияның күші әрине оның мүшелері, қолдаушылары және жақтастары. Бүгінгі күнде партия берген мәліметтерге сәйкес оның қатарында 835 мың мүшесі бар. Мұндай ауқымды электорат ешқандай қоғамдық ұйымда жоқ. Айта кету керек партия Елбасының партияны жүйелі қайта жаңғырту тапсырмасына сәйкес «тазалау» жұмыстарын жүргізіп 256 мың «пассивті» өз қатарынан шығарған.
Партияның сонау 1999 жылы құрылғанын ескерсек 30 жылдан астам тарихында біршама сайлау науқандарын басынан өткеріп мол тәжірибе жинақтады. Тәжірибе - зор қуат.
Nur Otan партиясының құрылымында Стратегиялар бастамалар институты, Саяси менеджмент мектебі, Қоғамдық саясат институты, Партиялық бақылау комитеті, Жас Отан және т.б. мықты бөлімшелер бар. Бұл құрылымдар партияның стратегиясын жан-жақты ойластыруға, партиялық кадрлардың кәсіби біліктілігін жоғарылатуға, партиялық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жетекші партия Елбасының тікелей бастамасымен құрылып саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүргізуде қолдау көрсетіп келеді. Объективті қарайтын болсақ партияның бүгнігі қол жеткізген жетістіктері Елбасының есімімен тығыз байланысты. Демократиялық үрдістердің одан әрі дамуына байланысты партия төрағасы ұсынған партиялық жүйелі жаңғыруға бағытталған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарамасы партияның халық арасындағы беделін арттыра түседі деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы халыққа жолдауында: «Nur Otan партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады» деп атап өтті.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын бейтарап күш ретінде маусым айында құрылған «NurOtan» партиясы жақтастары Лигасын айтуымызға болады. Бұл лиганың құрудың бастамашысы Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров. Лиганың құрамында өздерінің белгілі бір тәуелсіз көзқарастарымен танымал болып жүрген Марат Шибутов, Мұрат Әбенов, Эдуард Полетаев және басқа да саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің болуы назар аударарлық. Бүгінгі күнде лига праймериздің ашық және адал өткізілуіне қоғамдық бақылау жасау үшін аймақтарда белсенді жұмыс жасауда.
Праймериз өткізу барысындағы тәуекелдер мен қатерлер және оларға дайындық
Кез келген жаңа іс, жаңа бастама бастағанда белгілі бір тәуекелдер мен қатерлер болуы заңдылық. Партиялық менеждерлер праймериз өткізу барысында болуы мүмкін кедергілерді қарастырып оған қарсы іс-шаралар қарастырып отыр деп ойлаймыз.
Праймериз әлемде саяи тәжірибеде кең таралған партияішілік іріктеу процессі болғанымен, еліміздеге партиялық жүйеде алғаш рет осындай ауқымды түрде қолданылмақшы. Әрине оны ұйымдастыру мен өткізу бойынша басқа елдердің тәжірибесі жан-жақты зерттеліп жатқаны белгілі. Мысалға Ресейде биылғы жылы мамыр айында өткен «Единая Россия» партиясы өткізген праймериздегі техникалық олқылықтар және оның себептері терең зерттелді деп ойлаймын. Қазақстанның саяси жүйесінде алғаш рет өткізілетін праймеризде сонымен бірге жаңа форматта онлайн дауыс ұйымдастырылады. Бұл үшін партия «Электрондық партия» жүйесін әзірлегенін жариялаған болатын. Осы жүйенің негізінде primaries.kz сайты белсенді жұмыс жасап тұр. Бұл сайтта үміткерлер онлайн форматта тіркелуге мүмкіндік алды. Жалпы праймеризге қатысу бойынша 11 249 өтініш түсіп, 10 936 адам үміткер ретінде тіркелген. Барлық үміткерлер туралу мәліметтермен осы сайтта танысуға болады. «Пандемияға байланысты праймеризде электронды дауыс беру тәртібі енгізілді. Барлық тәуекелдерді саралай келе партия құқықтық және техникалық мәселелерді оңтайландырған. Банктегідей ЖСН мен телефон нөміріне байланыстыра отырып СМС хабарлама алу арқылы тексеру жүйесі енгізілген. Ақпараттық-коммуникация технологияларына басымдық беріліп отыр. Партияластармен кездесу, дебаттар көбіне онлайн форматта өтеді» - деп жазды партия хатшысы Әлібек Әлденей.
Қазіргі эпидемелогиялық жағдайды ескеріп Партия праймериздіә өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі талаптарды бекіткен. Бұл талаптарда барлық праймериз өткізу барысында барлы санитарлық-гегиналық талаптар қатаң сақталатын болады деп сендірді партия басшылығы.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің отырысында «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылдауды биылғы 11 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі аралықта, яғни дауыс беру аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаны туралы жариялады. Бұл шешім соңғы кезде бізге жекелеген азаматтардан «өз» кандидаттарына дауыс бергізу мақсатында партияға мәжбүрлеп кіргізу туралы «арыздар» түсуімен байланысты объективтілікті қамтамасыз ету үшін әкімшілік кедергілерге қарсы жасалған шара екенін түсіндірді.
Партия хатшысы Арман Қырықбаев көрсеткендей азаматтарда екі жол бар: отырып алып, таңертеңнен кешке дейін «Nur Otan»-ды сынап, ештеңе істемеу немесе партия қатарына қосылып, праймеризге қатысып, жеңіске жетіп, депутат болып, өзгерістерге сеп болу.
Жалпы партия жетекшілерінің праймеризді өткізу бойынша барынша ашық диалог форматын ұстанып, айтылып жатқан сын-пікірді ескеріп жатқанын айтып өтуге болады. Бауыржан Байбек партия әзірлеген 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаларға Президенттің биылғы халыққа жолдауындағы басымдықтарға, үміткерлердің нақты жобаларына және қоғамдағы ұсыныстарға қатысты өзгерістер енгізілетінін жариялады. Өңірлік сайлауалды бағдарламалар жалпы бұл қазақстандық саяси тәжірибедегі алғашқы кең ауқымды мегажоба.
Өкілді билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрамына шынымен лайықты өкілдердің сайлануы үшін алдымыздағы праймериздің алдын ала іріктеудің маңыздылығы ерекше. Саяси сахнаға жаңа идеялар мен бағдарламалар келеді деп сенеміз. Біз праймериздің өткізілу барысын қызығушылықпен бақылайтын боламыз.
Елдос Жұмағұлов,
саясаттанушы.
Abai.kz