Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5103 0 пікір 31 Желтоқсан, 2011 сағат 07:17

2011. Азаматтық қоғам

Орталық билікке иек артпай ел мен жердің ісіне өз күштерімен үлес қосып келе жатқан азаматтық қоғам өкілдері биылғы жылы ел есінде қалар шаруалар тындырды. Соның ішінде Әлихан Бөкейханның 145 жылдығын атап өту жайына қатысты «Abai.kz» порталы бірінші болып көтерген бастама жан-жақты қолдау тауып, соның арқасында Ерлан Қарин, Дихан Қамзабекұлы, Сұлтанхан Аққұлұыл бастаған азаматтардың ұйымдастыруымен Астанада Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Осы екі арада Абылай ханның 300 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы бастамалар көтеріліп, түрлі ұйымдар тарапынан іс-шаралар өткізілді.

Бұл жылды «abai.kz» ақпараттық порталы тағайындап, Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай елге еңбегі сіңген 20 адамға бес жылда бір рет тапсырылатын Әлихан Бөкейхан атындағы арнай төсбелгімен марапаттау шарасымен аяқтады. Мемлекеттік билік тарапынан ескерусіз қалған ірі тарихи оқиғалар мен тұлғаларды халық жадында қайта жаңғыртуда азаматтық қоғамның биылғы жасаған ісі жемісті болды деуге толық негіз бар.

(Азаматтық қоғамның бастамасымен өткен шаралар, жазылған мақалаларды мына сілтемелерден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/content/abylai-khan-eshkandai-baraby-tatarlaryn-estigen-emespin-bilmeimin-zher-bizdiki, http://old.abai.kz/node/7530, http://old.abai.kz/content/zhykamyr-shoke-abylaidyn-asy-nege-atausyz-otedi, http://old.abai.kz/node/6624)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036