Жұма, 22 Қараша 2024
2840 0 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 13:14

Атырау облысында карантин ұзартылды

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды. Енгізілген жаңа қаулыға сай ойын-сауық орындары мен кинотеатрлардың және букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынды.

Қаулы бойынша, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден 12 қазан сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылды.

Ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық аспан астындағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым сақталды;
Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 50 пайызы (штат кестесінде 30-дан аса қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталады;

 

Бір мезгілде жабық ғимараттарда, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 00:00-ге дейін рұқсат берілді;

Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілді;

Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей,50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қызметіне рұқсат берілді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулы 24-қосымша талаптарын сақтай отырып ұзақ және қысқа мерзімде кездесулер рұқсат етілді.

Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылды:

Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

Теңіз кен орны аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299