Жұма, 22 Қараша 2024
2608 1 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 11:55

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минстрлігі мәлімдеді. 

Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады.

Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті.  Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның зардап шеккендер арасында 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн. Аталмыш азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295