Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 35012 0 пікір 4 Қаңтар, 2012 сағат 04:45

Шәміл Әбдісаматов. Тіл тағдыры – ел тағдыры

«Ертең тілім құритын болса,мен бүгін-ақ өлуге дайынмын» деген екен авар жұртының әлемге танылған даңқты ақыны Расул Ғамзатов. Десе дегендей, тіл тағдыры - ел тағдыры. Ұлттың өздігін танытатын негізгі белгілердің бірі - тіл. Тіл - ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы негізгі шарт.

«Тіл тас жарады...», «Өнер алды - қызыл тіл» деп дана бабаларымыз тілге, тілдің атқаратын қызметіне үлкен мән берген.

Тіл - ұлт рухы. Халқымыз «Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», - деп жатады. Демек, тіл тазалығы өте маңызды мәселе.

«Тілін білмеген - мәңгүрт». Өзге тілден бұрын әрбір адам өз тілін білуі, құрметтеуі керек.

«Тіл тазалығы - жан тазалығы», «Тілін қадірлемеу - өзін қадірлемеу» дегендей,  тіл туралы, тілдің қадірі туралы ел ауызында даналық сөздер көп айтылады. Ана сүтімен, ананың әлдиімен санаға ұялайтын тіл болғандықтан әрбір ұлт өз тілін - Ана тілім деп атайды.

Біздің тіліміз - қазақ тілі. Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, Ана тілі - қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті.

Демек, бүгінгі ұрпақ - біз ана тілімізді ата-бабаларымыздың келешек ұрпақ үшін сақта, жоғалтпа деп мирас еткен аманаты деп біліп, оған қиянат етпей, аса қадір тұтуға тиістіміз. Аманатқа қиянат жүрмейді.

Кешегі күндерде өз атажұртында отырып, өз тілін өгейсіп, жетім баладай жалтақ болған, тағдыр талқысы мен тепірішін көріп, құлдырап, Шекспирше айтқанда  Өлім мен өмір айқасындай күй кешкен дара да дана тіліміз сан жылдар бодандық қамытын киген Одақ құрамындағы өзге түрік халықтары тілдері сияқты Мемлекеттік тіл мәртебесін қайта иеленіп, қайта түлеу үміті оянды. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз ауызымен құс тістеген сұңғыла ойлы шешендер, ел намысын ту еткен көсемдер дамытқан ана тіліміз құлдырап кету жағдайына дейін барып қайта түледі, қайта жаңғырды. «Бардан жоқ болмайды», деген осы да. Одақ құрамындағы өзге республикаларға қарағанда отарлау саясаты әріден қызу жүргізілген қазақ халқы өзгелерден де көбірек тепіріш көрді.

Ұлтты құрту үшін, тілін, дінін құрту керек деген мақсатты берік ұстанған миссионерлік саясаттың кесірінен ана тіліміз көп азап шекті. Тіпті өз ана тілімізде сөйлеуге намыстанатын жағдайға жеттік. Қазақстанды айтпай-ақ қояйық, бұл жағдай кезінде негізінен таза қазақтар ғана жасайтын  тілі, діні, ғұрып, әдеп-салты сары майдай сақталған деп, мақтаныш етілетін өз жеріміз, Өзбекстанның Науайы уәлияты аймағындағы, Қызылқұм, Тәуелібай-Тамды елінде де байқалғанына куә болғанбыз.

Еліктеушілік - мақтаншақтықтан басталады. Шектен тыс еліктеушілікке салынып, өз тілін шұбарлау барып тұрған әдепсіздік,  сорақылық, аяқ асты ету деп есептеледі. Мұндайларды кездестіргенде Константин Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деп ашына айтқаны бар.

«Тілімізді кіршіксіз таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген ұлы ғалым Шоқан Уәлиханның сөзі бүгінгі бізге де тікелей қатысты.

Бұл істе, әрине, Өзбекстан бойлап, барша бауырластарымыз оқитын ана тілімізің жанашыры,  бәріміз ардақ тұтатын, ана тілімізде - қазақ тілінде  жарық көріп,  баршамызға өрнек болып, ана тіліміздің мәртебесін асыруға орасан зор үлес қосып келе жатқан сүйікті газетіміз - «Нұрлы жол» үнқағазының да қосар үлесі мол...

Тіл мәселесі үнемі кең көңіл бөліп отыруды талап ететін - өте маңызды мәселе...

Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз - тұғырымыз, екенін әсте ұмытпайық, ағайын.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін.

Шәміл ӘБДІСАМАТОВ,

Өзбекстан республикасы,

Науайы облысы,

Тамды ауданынан.

Республикалық

«Нұрлы жол»

үнқағазының

тілшісі

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5544