Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3138 0 пікір 6 Қаңтар, 2012 сағат 04:03

Шамсат Исабеков. Аялы алақанды аңсау

Д. А. Қонаевқа - 100 жыл

Өзіміз сондайлардың қатарына жатпасақ та, математикалық сандардың түзілуінен ерекше тағдыр белгілерін іздестіріп, үлкен мән беретіндер бар екенінен хабардармыз. Қара аспанды төндіріп, алтын күнді сөндіріп, ақырзаманды есігіңнен кіргізіп қоятындар да уәжін сол сандардың тізбесімен, жүйелене қалыптасуымен келтіреді. Сенбеуін сенбейсің, әйтсе де белгілі бір тұлғалардың өмірінде кейбір сандардың қайталанып келуі оқиғаларға ерекше әр беретінін байқағанда, ойланып қаласың.

Басқасын кім білсін, аяулы Димекеңнің, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тағдырында сандардың 16. 12. болып келуі екі рет ауыр із тастап кетті. Тарихтан белгілі, 1962 жылғы 16 желтоқсанда Никита Хрущев Димекеңді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатып, орнына Исмаил Юсуповты тағайындайды. Білімді де білікті, көргені көп, тоқығаны толайым Қонаевтың өзіне қайта-қайта қарсы шыға беруінен біржола құтылғандай сезінген «жүгері патшасы» өзінің саяси өміріне бір жылдай уақыт қалғанын білмеген.

Басқасы басқа, бірақ  Хрущевтің Мәскеуде Қазақстан өнерінің онкүндігі өтіп жатқанда ел басшысын қызметтен ала салып, ертеңіне түк болмағандай екі жүзден аса қазақ өнерінің қайраткерлерімен кездесуі кеңестік екіжүзділіктің айқын көрінісіне айналғанын қалай ұмытарсың.

Дәл осындай кеудемсоқтық, қазақ еліне мұрнын шүйіре қарау тарих сабағынан дәріс алмаған екінші бір басшысымақ Горбачев тарапынан да орын алғаны белгілі. Кездейсоқтық десеңіз еркіңіз білсін, ол шіркінің де тура желтоқсанның он алтысында Разумовскийіне Колбинді ертіп жібереді ғой Алматыға. Бас-аяғы 15 минутке созылған, тарихта ең қысқа өткен Орталық Комитететтің пленумында Бірінші хатшыны, әлемді тітіреткен империяның Коммунистік партиясының Саяси Бюро мүшесін, үш мәрте Социалистік Еңбек Ерін, Ресейден кейінгі екінші үлкен Республиканың ұзақ жылдарғы басшысын бір жылы сөз айтпай, арқадан қақпай қызметтен босатады. Бұл қызыл империяны таратудағы алғашқы қадам болатын: Алматыдағы алаңнан бастау алған   азаттық үшін арпалыс артынша Бурятия, Эстония, Литва, Әзірбайжан, Грузия елдерінде де көрініс тапты да, КСРО-да ыдырау  үдерістері басталды. Желтоқсан желі кеңестік кеңістіктегі барша республикалар үшін Тәуелсіздік самалына ұласты.

Жазалау шараларын алғашқы күннен-ақ жүзеге асыра бастаған қорқаулардың  басты мақсаты да айқын еді: алаңдағы қақтығыстарда қаза тапқандар мен жараланғандар үшін Қонаевты кінәлі ету, оны мемлекеттік қылмыскер ретінде көрсету. Себебі де айқын - Димаш ағаның кір шалмаған ақшаңқан қадіріне күйе жақсаң, оны қолдаған халық та қараланады.

Оларынан түк те шықпағанын тарих дәлелдеді. Халық пен Абыздың арасына сызат түскен жоқ. Тау сұлбасы алыстаған сайын зораятаны сияқты, күн өткен сайын Димекеңнің де тау тұлғасы биіктеп, бейнесі жарқырай түсуде. Онымен кездескен, сөйлескен, араласқан, алыстан болса да көрген адамдар өздерінің қандай бақытқа ие болғандарын енді-енді түсіне бастаған сияқты. Сондай адамдардың қатарында өзім де бар екеніме шүкіршілік етемін. Қазақпыз ғой, бүгінгі қол жеткен дәреже, атқарылған жұмыс, алынған белестердің барлығы да баяғы бала кезімде басымнан Димаш ағаның сипағанының жемісі деп есептеймін.

Хош, балалық шақтан ойын мен қызық қалады, олардан басқа дүние жас келе күңгірттене береді. Тат баспайтын, жадымнан кетпейтін бір оқиға - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаевтың Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына, біздің мектепке келуі.  Білім беру, оқыту барысымен танысқан Димаш аға алдында біз, оқушылар, өз өнерімізді көрсетуге барынша тырысып бақтық. Ән де айтылды, тақпақ та оқылды, би де биленді. Соның барлығына ол кісі рахаттана қол соғып отырды. Әлі есімде, ел басшысы біздің ұрпақ алдында бақытты болашақ тұрғаны, сондай болашақты жақындата түсу үшін біз жақсы оқып, барлық жағдайда да тырысуымыз қажет екендігі туралы толғана әңгімелеген болатын. Білмеймін, мүмкін, кездесу ұзаққа да созылан болар, бірақ мен үшін ұлы адамды көру бақыты бір ғана мезет уақыт арасында өткендей еді. Қоштасарда кей баланың қолын алып, біреулерді құшақтап, біраздарының басын сипап еді асыл аға! Басын сипатқандардың  бірі мен едім. Абыз аға: «Ал, батыр, өскенде кім боласың?» деп сұрағанда, толқып тұрып: «Бірінші хатшы боламын!» дедім. «Бірінші хатшы болу мақсат емес, қатарыңнан бірінші бола білсең, міне, сол жеңіс!» деп еді.

Биыл Желтоқсан оқиғасына ширек ғасыр толады. Димекеңнің дүние есігін ашқанына жүз жыл. Айтулы күн жақындаған сайын құйқам шымырлайтынын байқаймын. Ағаның аялы алақанын аңсайтындай...

Шамсат Исабеков,

ҚР Таeквондо федерациясының президенті,

қара белбеу мен VI дан иегері,

Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570