Қызылжарда діни конференция өтті.
Облыс орталығындағы «Достық үйінде» «Ұлық Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және дәстүрлі дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға облыстық, қалалық және аудандық әкім-шіліктің, облыстық әділет және ішкі істер департаменттерінің жауапты адамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, Кіші Ассамблея мәдени орталықтарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қажылар мен аудан имамдары, ауыл молдалары және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.
Конференцияны Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының облыстағы өкіл имамы Жақия қажы Абдоллаұлы кіріспе сөзбен ашқаннан кейін Құран оқылды және құттықтау сөздер айтылды.
Конференцияда өкіл имам Жақия қажы Абдоллаұлы «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы - мазһабтардың абзалы» атты тақырыпта негізгі баяндаманы Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ридда Аддақиқи «Әбу Ханифа - ұлы істерге шақырушы» және «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Рамазан Қанжігітов «Төрт мазһабтың негізін салушылар - дін тірегі» атты тақырыпта қосымша баяндамалар жасалды.
Жақия қажы Абдоллаұлы өз баяндамасында мұсылман қауымының жартысына жуығы ұстанатын Ханафи мазһабы жайлы баяндап:

- Әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер, ал қалған 10 пайызын шииттер құрайды. Сол сунна жолындағы 4 мазһабтың ішіндегі Имам Ағзам мазһабын жартысынан көбі (53 %) ұстанады. Ал ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Сонымен, әһли сүннет фиқһта ханафи мазһабын сенімді Матуридидің иман негіздерін Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Қазақстан мұсылмандары басшылыққа алады. Ал біздің ата-бабаларымыз бұл бағытта өздерінің дініне, тұрмыс-тіршілігіне жақын болғандықтан оны қабылдады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ханафи мазһабын дұрыс емес, оны адасушылық деп санап, тіпті, оны «Әһли сүннет уал-жамағат» қатарына жатпайды деп санап, жаңсақ пікір айтатын топтар бар. Олар - бүйректен сирақ шығарып жүрген бөлінушілер. Бүгінде қоғамымыздың тыныштығын бұ-зып, отбасы берекесін кетіруді ойлайтын топтар Қазақстанды рухани азғындатуды мақсат етеді, сөйтіп елдің берекесін кетіру арқылы, отбасында алауыздық туғызуды көздейді, яғни дінаралық қақтығыстардың болуын мақсат етеді.
Ал ханафи мазһабы ондайларға жол бермеуді көздейді. Әбу Хани-фа үнемі ұлы істерге шақырып отырған. Бұл ұлы істердің негізі ислам дінінен бастау алады. Әбу Ханифа исламды кең түрде түсініп, оны халыққа жеткізе білген,- деді.
Ридда Аддақиқи өз баянда-масында былай деді:
- Дүниежүзінің мұсылмандары қандай мазһаб болатын болса, сол жолға берік және оның тәртібімен жүруді үндеп жүр. Егер Орта Азия Әбу Ханифаның мазһабын жылдар бойы берік ұстанған аймақ болса, сол жолдан айрылмауды кез келген ғалым үндейді,- деді.
Жарыссөзге шыққан имамдар өз ойларын ортаға салып, Имам Ағзам Әбу Ханифаны әр қырынан көрсетуге ат салысты. Сол сияқты осы жолдардың авторы өзі жазған «Облыстағы Ислам дінінің даму тарихы» атты кітабы бойынша, мұрағат материалдары негізінде жазылған дініміздің облыстағы дамуына қысқаша шолу жасады.
Конференцияда сөйлегендер:
- Әбу Ханифа жаңадан бір дін әкелген жоқ.Ол тек Алладан түсірілген Құранды лайықты түрде адамдардың санасына жететіндей етіп түсіндірді,- деді.
Сөйлеушілердің сөзінен Имам Ағзам Әбу Ханифа өзінің әр қырынан көпшілікке көрінді.
Ғылыми конференция соңында ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Жақия қажы Абдоллаұлы ауылдарда діни құндылықтарды сақтауда белсенділік танытып жүрген 18 адамды «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатпен» марапаттады.
Артынша екі күн ауыл молдаларымен семинар өткізіліп, теориялық және практикалық сабақтар берілді, тәрбиелік мәні бар бейнефильмдер көрсетілді.
Ауыл молдаларының ұсыныс тілектерін ескеріп, оларға арнайы әдіскерлік көмекші құралдар жиынтығы жасалып, таратылды. Ол көмекші құралдарда: сәбиге ат қою, неке қию, жаназа пәтуәсы (жаңасы), намаз оқу үлгісі, халал мен харам жайында, үлкен күнәлар жайында (пәтуә), Әбу Ханифаның баласына айтқан өсиеттері, жұма және Айт намаздарын өткізу (екі тілдегі хұтпасымен), сәһу сәждесі, нәпіл намаздар және ауыл молдаларының өз бетімен білім көтеру жоспарының үлгісі, жат ағымдар тізімі т.б. материалдар бар.
Семинарда облыстық ішкі істер департаментінің Экстремизм және лаңкестікпен күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Уәлиев мырза жат ағымдармен қалай жұмыс жүргізу керектігі жайында айтты.
Аудан имамдары мен ауыл молдалары облыстық тарихи өл-кетану мұражайы мен Абылай хан кесенесін тегін аралап, танысты.
Семинардың соңғы күні аудан имамдары мен ауыл молдалары Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналып қойылған ескерткіште, Мағжан Жұмабаев ескерткішінде және Мағжанның әкесі Бекен Жұмабаевтың зиратында болып, Құран оқыды.
Сол күні имамдардың да жи-налысы болып, мұндай шараны аудандарда да өткізу туралы бір ауыздан келісті.
Конференция соңында жинал-ғандарға ас беріліп, 1930-1937 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен 23 молда, имамдарға және сотталған 12 дін қызметкерлерінің рухтарына арналып Құран оқылды.
Бәйкен қажы КӘДІРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы
www.muftyat.kz