Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2971 0 пікір 11 Қаңтар, 2012 сағат 04:51

Жаңаөзеннен басталады жаңа өмір

Ақылбек Шаяхмет. Жаңаөзеннен басталады жаңа өмір

 

Жаңаөзенде бар ма дейсің жаңалық,

Жаңалықты қайдан іздеп табалық?!

Жазылды ма жатқан жандар емделіп,

Табылды ма кеткен жандар жоғалып?

 

Жазығы жоқ шыға алды ма қамақтан,

Ұсталды ма қанішерлер оқ атқан.

Жемқор басшы әлі отыр ма орнында,

Ел байлығын өзгелерге тонатқан.

 

Шешілді ме мұнайшының көп дауы,

Естілмей ме жағалының боқтауы.

Шейіттерге құран оқып жатқанда

Тиылды ма аналардың жоқтауы?

 

Қазақтарым атой салған қала бұл,

Қыс та кетіп, жамылады дала гүл.

Қатқан мұздың көбелері сөгіліп,

Жаңаөзеннен басталады жаңа өмір.

Қостанай қаласы

 

 

 

Бекқожа Жылқыбекұлы. Тарбұқпанда

Битөбеде билеген мәнсап пақыр

әмірші жел ығында ән сап жатыр.

Бұрыштама бұйдасыз бұрышталып,

жол бойында жоралғы жамсап жатыр.

 

Жамсап жатыр Ата заң - жарлықтар да...

Тоғышарлық томпайы қарғып нарға

мiнiп алып,

барады бейіт жаққа.

Ақылбек Шаяхмет. Жаңаөзеннен басталады жаңа өмір

 

Жаңаөзенде бар ма дейсің жаңалық,

Жаңалықты қайдан іздеп табалық?!

Жазылды ма жатқан жандар емделіп,

Табылды ма кеткен жандар жоғалып?

 

Жазығы жоқ шыға алды ма қамақтан,

Ұсталды ма қанішерлер оқ атқан.

Жемқор басшы әлі отыр ма орнында,

Ел байлығын өзгелерге тонатқан.

 

Шешілді ме мұнайшының көп дауы,

Естілмей ме жағалының боқтауы.

Шейіттерге құран оқып жатқанда

Тиылды ма аналардың жоқтауы?

 

Қазақтарым атой салған қала бұл,

Қыс та кетіп, жамылады дала гүл.

Қатқан мұздың көбелері сөгіліп,

Жаңаөзеннен басталады жаңа өмір.

Қостанай қаласы

 

 

 

Бекқожа Жылқыбекұлы. Тарбұқпанда

Битөбеде билеген мәнсап пақыр

әмірші жел ығында ән сап жатыр.

Бұрыштама бұйдасыз бұрышталып,

жол бойында жоралғы жамсап жатыр.

 

Жамсап жатыр Ата заң - жарлықтар да...

Тоғышарлық томпайы қарғып нарға

мiнiп алып,

барады бейіт жаққа.

Есіл бойын мекендеп сары бұт қарға

қаңқ-қаңқ етiп,

желігіп,

жем iздеп жүр.

Сарыарқада асқынған сары жұт қанға

араласып барады, ой, Тәңiрім!

- Абылайдың арынын жер жұтқан ба?! -

деп кейюден өзге ой таба алмай,

тасқа айналып барамын тарбұқпанда.

Астана қаласы

 

 

 

Ауыт Мұқибек. Махамбеттің ұрпағы

Жаса, жаса, Махамбеттің ұрпағы,

Түсінеді о, сендерді жұрт әлі.

Батады әлі мына күн де қызарып,

Атады әлі әділеттің бір таңы.

 

Басылмапты-ау баяғы сол екпінің,

Рухы өлмеген ұрпағы едің тектінің.

Маңғыстаудан найзағайдай шатырлап,

Сарыарқаға, Алатауға жетті үнің.

 

Жау алмайды батыр қыз бен мықты ұлды,

Жан айқайың ұлы ерлікті ұқтырды.

Дауысыңнан бүкіл қазақ оянып,

Айқайыңнан бүкіл қазақ тік тұрды.

 

Басыңды ешкім ие алмайды атып оқ,

Тұрсын дәйім жүрегіңде тасып от.

Өз жеріңде отырғанда, бауырлар,

Басынуға басқалардың хақы жоқ.

 

Аллам өзі асырайды адалды,

Жалағаннан сақта, Құдай, табанды.

Сенің барып балтырыңа тиген оқ,

Менің келіп жүрегіме қадалды.

 

Боздақтарым қызыл қанға малынды,

Өрт шарпыды терегіңді, талыңды.

Ала жаздай жаттың күнге қақталып,

Жарамадық бір сұрауға халыңды.

 

Жолы бұраң, соры қалың ел едің,

Жантақ еді жанды жалдап жегенің.

Неге шықтың, неге бұздың шырықты?

Бір сұрауға жарамадым себебін.

 

Қара қытай сені аяйды деп пе едің,

Маған мәлім тым ашынып кеткенің.

Таусылғанда төзімің мен амалың,

Жарамады мылтық кезеп жеткенім.

 

Кетті деп ек келмеске енді зар-заман,

Күннен де өттік күрмеуі көп, тарғалаң.

 

Ғасыр бойы бостандықты аңсадық,

Оқ атпаған бұл қазаққа бар ма жан?

 

«Ұлы Отан» деп түрдім кеше мен білек,

Айғай салдық Әлия-Мәншүк жеңді деп.

Бостандыққа толмай жатып жиырма жыл,

Оқ атамыз ұрпағына енді кеп.

 

Қажыдық қой, жиналыстан, тойдан да,

Пайда бар ма көп созғаннан бойды алға.

Жөн-ау деймін асып кеткен жандарға,

Дәл осылай бір танытып қойған да.

 

Баба қылышы бар екен-ау беліңде,

Есе берме, ешкімге де желінбе!

Өз мүддесін қорғамаған сорлылар,

Қорғап ертең жарытпайды елін де.

 

Бақыт күйін бастап енді шертіп ек,

Ел болдық па тұрлауы жоқ, серті көп.

Одан гөрі жинап алған жөн еді,

Қандастарды жүрген сыртта тентіреп.

 

Толсын қазақ менің байтақ далама,

Сол қазақтан жаным менің садаға.

Ауырыңды көтеріскен қасқайып,

Бауырыңды бұзық деме, жан аға!

 

Атқызғаным азғындық-ау мергенге оқ,

Көкірегімді бара жатыр шер дендеп.

Өз намысын қорғауға әбден хақылы,

Қазақ елдің тіліне еріп көрген жоқ,

 

Құр алдауға жайымыз жоқ көнетін,

Алпауыттар ақымызды төлесін!!!

Қазағы бар Нұрсұлтанда арман жоқ,

Әділеттің ақ жолында өлетін.

 

Ел бірлігі - Елім үшін мықты күш,

Қосылса екен қайта келіп құтқа ырыс.

Ең алдымен қазағыңның қамын же,

Қазақстан болсын десең тып-тыныш.

 

***

Не күтіп тұр, білмеймін, жолымда әлі,

Киетұғын суыққа тоным кәні?

Батпырауық секілді біздің билік,

Қазақ деген баланың қолындағы.

 

Құлататын мерген бол бір атқанда-ақ,

Айтқаныңа сенің кім құлақ салмақ.

Кеше ғана қол созым жерде еді,

Бұл күндері кетті ол тым аспандап.

 

Дуға айналды құратын кешкі кеңес,

Қысыр бие бермейді бестіге дес.

Уыстағы ұстайтын сол пақырды,

Аспандатқан өзіміз, ешкім емес.

 

Бостандықты тойладық ала сала-ақ,

Шортан болмай көлдегі бала шабақ.

Биіктеуге олдағы болды құмар,

Көкке қарап тұрдық біз тамашалап.

 

Қоя бердік тарқатып жібін еркін,

Тартамыз деп білмедік түбі дертін.

Көрген күнін қазақтың бұл күндері,

Бейшараның, сөзі өтпес, күні дерсің.

 

Бір іс артса, жатады мың іс кеміп,

Дем алуға шама жоқ тыныс кеңіп.

Билік пенен халықты жалғап тұрған,

Баяғыда үзілген жіңішке жіп.

 

Айтқаныма көне бер, дос, иланып,

Қойдың көзін сауысқан шоқиды анық.

Бұл күндері қарайды төбеңізден,

Өз билігің өзіңе қоқиланып.

 

Кім тежепті қазақ деп түрсе балақ,

Қойдық бүгін қағуды бір шегені ап.

Анадайдан тұрады қолын бұлғап,

Өз билігің өзіңе үрке қарап.

 

Халықпыз біз көп ру, көп аталы,

Сақта, Құдай, пендеден жоқ Отаны.

Қысылғаннан қаттырақ айғайласаң,

Өз билігің өзіңе ОҚ атады.

Алматы қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584