Шәріпхан Қайсар. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы төсбелгісі және қортық сезім
Ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында көзайым болған төсбелгі төңірегінде қауесет те, әңгіме де, «жыр» да жетеді. Ел болып еңсе көтергенде, он миллион іштегі қазақ түгілі, сырттағы бес миллион да атойлаған жоқ па?! Әрине, елдің ел болуына үлес қосқан ердің саны одан мың есе тіпті, он мың есе аз болатыны түсінікті. Бірақ төсбелгінің таралу аймағы мен үлестіру үрдісіне қарағанда, тәуелсіздік тәбәрігінің мәні тәрк етілгендей сыңай бар.
«Төсбелгі-20»-ны ең әуелі атқарушы биліктегі шенділер тақты өңірлеріне, одан қалды ағайын-бауырлары тақты, себебі, біздегі билік қабілет пен білікке қатысты емес, туыстық пен парақорлыққа негізделе түзілгенін жоққа шығару қиынның қиыны.

Астанадағы айтылып жүрген әңгіменің ауанына қарағанда, кейбіреулер екі-үш ұйымның атынан жасалған тізім бойынша бірнешеуін иеленіп, бала-шағасымен қарық болыпты. Жарайды, «өлгенде көрген ұлы той» демекші, алып жатқан парақор болса да, қазақ қой! «Қазақ» деп соқпаса да (өйтіп соқса жүрегі, ондай дарақылыққа барар ма еді, ол бәтшағарлар!) кеудесі, өңірі сылдырасын, әйтеуір. Ал, билікке бір табан жақын жандардың сөз ләміне сенсек, қазақ тойының «Бас ұйымдастырушысы» -- ресейлік продюсер Крутой қолына әлгі төсбелгінің отызын уыстап ұстап жүрген екен. Бұл - астаналықтар арасында таусылмайтын жырға айналған әңгіме. Қайран тарихым-ай! Осы күйге жете алмай, көзі жасаурап отырған татар-башқұрт бауырларға көрсеткен үлгіміз бе, қырымыз ба?
Елдің түкпір-түкпірінде жер мен тілді, ұлттық арды қорғап, 20 жылдық өмірлерін сарп еткен, тіпті, бұл күнге жетпей үзіліп кеткен азаматтар дымсыз қалды... Мән мен мағынадан жұрдай төсбелгісі құрысыншы... Әлгі абзал жандардың елдікке ұмтылған сезімдерінің аяқасты болғанын қарасайшы! Жас ұрпаққа не бетімізді айтамыз? Елдік рухты немен нығайтамыз? Тәрк етілген тәбәріктен туындайтын қортық сезіммен қор болмаймыз ба?
«Абай-ақпарат»