Парламент сайлауына 15,3 миллиард теңге бөлінеді
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау күнін белгіледі.
Сөйтіп, ОСК комиссиясының қаулысымен алдағы Парламент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін болды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабина Мустафинаның айтуынша, Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына 15,3 миллиард теңге бөлу жоспарланыпты.
"Үкіметке ұсынылған жоспар бойынша, 2020 жылға арналған шығын көлемі шамамен 10,8 миллиард теңгені құрайды. Бұл соманың негізгі бөлігі 10 061 сайлау комиссиясында істейт ін 70 681 мүшенің еңбекақысына жұмсалмақ. Бұл дегеніңіз 7,3 миллиард теңге (68 пайызы).
Ал қалған 3,5 миллиард теңге (32 пайызы) сайлау комиссиясының дайындық жұмыстарына деп жоспарланған. Ол: бүлетендер әзірлеу, полиграфиялық және өзге де дүниелерге жұмсалады", - депті Мустафина.
Оның айтуынша, сайлау кампаниясы карантин ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын болады.
"Сондықтан, барлық дейгейдегі сайлау комиссияларының мүшелеріне жеке қорғаныш заттарын сатып алу үшін 341,4 миллион еңге қарастырылған", депті ОСК хатшысы.
Ол өз сөзінде бұл жолғы сайлау шығындарының күрт өсуін бірінші кезекте ең төменгі еңбекақы көлемінің өсуімен байланыстырыпты. Екіншіден, халық санының өсуіне байланысты жаңадан 86 сайлау учаскесі ашылған. Онда 600-ге тарта адам жұмыс істейтін болады. Үшіншіден, тауарлар мен қызмет түрлеріне қатысты инфляцияның көтерілуі мен сайлаудың пандемия кезінде өтуіне байланысты екенін айтқан.
"Осы ретте бұл жолғы сайлау компаниясы 2 жылдың бюджеті есебінен жүретінін ескере кеткен жөн. 2021 жылдың шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында қарастылыған. Ол шамамен 4,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл ақша сайау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысына деп жоспарланған.
Осылайша, барлық сайлау процессіне деп 15,3 миллиард теңге бөлінетін болады, - дейді Мустафина.
Партиялар сайлауға қатысу үшін қанша жарна төлейді?
Бүгін ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петов осы сауалға жауап беріпті.
"Партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар ҚР ОСК-ға партия бюджетінен әрбір адамға 15 еселенген көлемде ең төменгі айлық көрсеткіші көлемінде (42 500 теңге) жарна төлеуі керек", - дейді Петров.
Оның айтуынша, өткен сайлауда (2016 жылғы) 7 пайыздық дауыс көрсеткішін жинаған партиялар ("Нұр Отан", "Ақ жол" және "ҚКХП") жарна төлеуден босатылады.
"2016 жылғы сайлаудың қорытындысы бойынша, 7 пайызды "Нұр Отан", "Ақ жол" және "ҚКХП" партиялары жинаған. Сәйкесінше, бұл партиялар жарна төлеуден босатылады.
Ал жарна сомасы партиялық тізімдегі әрбір адамға 637 500 теңгеден айналады", - депті ОСК төрағасының орынбасары.
Abai.kz