Сенбі, 23 Қараша 2024
2556 0 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 13:01

Еріктілер қатарына қалай қосылуға болады?

Ерікті болу - еркіккеннің ісі емес. Бұл жазылмаған заңға айналған айнымас қағида десек те болады. Өйткені волонтерлікпен адамгершіліктің билік белесіне шыққан азаматтар ғана айналысады деуге негіз бар. Жалпы волонтерлік өркениетті қоғамға тән айқын белгі.

Бәріміз білетіндей, елімізде 2020 жылды волонтерлер жылы ретінде атап өтіп жатырмыз. Өткен жылы тамыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп жариялған болатын.

Еріктілер өркениетті қоғамның бір көрінісі деп отырмыз. Санды мәліметтерге сенсек, тұрас әлемде бүгінгі таңда бір миллиард көлемінде волонтерлер бар көрінеді. Тіпті тұтас ғаламшар тұрғындарының сегізден бірі осы волонтерлікпен айналысады деген ақпарат бар. Тағы бір мәлімет бойынша, әлем экономикасында жалпы ішкі өнімнің екі жарым пайызы еріктілер еңбегінің жемісі екен. Осыдан ақ еріктерлер жалпы ғаламда жаппай таралған қоғамдық күш екенін аңаруға болатын секілді.

Жалпы әлемдегі волонтерлер жайлы санды мәліметтерді сөйлеттік. Енді өз еліміздегі еріктерлер жайлы айтар болсақ, жалпы біздің елде нақты қанша ерікті бар екені жайлы нақты ақпарат сәл тапшы. Бірақ кейбір деркетерге сүйенсек, біздің елде де отыз мыңнан аса волонтер бар көрінеді. Демек мұның өзі аз сан емес. Осынша үлкен жүректі жандар елдің ертеңі үшін ерікті түрде еңбек етіп жатыр деген сөз.

Мамандардың айтуынша, ел аумағындағы еріктілердің саны жыл сайын артып келе жатқан көрінеді. Ендеше оқырман назарына еріктілердің қатарына қалай қосылуға болатынын түсіндіре кетейік. Біз мұны ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілер тобына қосылу жолын айта отырып түсіндіреміз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, елордалық еріктілер штабында екі мыңға жуық волонтер бар көрінеді. Елорданың ресми сайтында осындай деп хабарланған.

Мемлекет басшысының 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялаған жарлығына үн қосу міндетін елордада "Астана Жастары" ресурстық орталығы жанындағы еріктілердің қалалық штабы қолға алып, жүзеге асырып жатыр. Аталған орталықтың басшысының айтуынша, елордалық еріктілердің қатарына қосылу үшін волонтер мектебінде үш кезеңнен тұратын оқу барысынан өту керек екен.

Шыңғыс Тілеулин,

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" ресурстық орталығы жанындағы еріктілер штабының басшысы:

«Алдымен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрететін кіріспе курстан өту керек, түрлі психологиялық тренингтер өткізіледі яғни жалпы дайындық жүргізіледі. ТЖ кезінде көмек беруге ниет білдірушілер мамандармен дайындалып, оқу жиындарынан өтеді. Сондай-ақ халықаралық волонтерлер мен әлеуметтік волонтерлер үшін оқыту жүргізіледі. Содан кейін тікелей акция өткізу кезінде практикалық сабақтар өтеді».

Оның айтуынша, мұнда сөз болған алғашқы дайындық мөлшермен он сабақ алады екен. Осы он сабақтан тұратын алғашқы дайындық кезеңінен өткен волонтерлер әрі қарай түрлі бағыттар бойынша арнайы бөлімдерге бөлініп, мамандандырлатын көрінеді. Биылғы жылы аталған волонтерлер мектебінде үш жүзге тарта еріктіні оқыту жоспарланып отыр екен.

Жоғарыда айтақнымыздай, волонтерлік біздің елде енді ғана қанат жайып дамып келеді. Олардың саны тұтас ел аумағы бойынша алып қарағанда көп деуге келмейді. Әсіресе биылғыдай тұтас әлемді табанынан тік тұрғызған қиын сәттерде еріктілердің еңбегіне жүгіну ауадай қажет секілді. Биыл елімізде еріктілердің ерінбей еңбек етуінің арқасында көптеген мәселе тиімді шешілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді, ел үшін ерінбей етер еріктілеріміз көп болсын. Сол үшін де бүгін волонтерлер қатарына қосылып, халық үшін қызмет етудің тиімді жолын таныстырып отырмыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512