Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Алаң 5702 20 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 14:47

«Боратқа» қалай жауап қайтарамыз?..

«Борат» атты сенсациялық «сатираның» екінші бөлігінің шығуы Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қоғамның назарын талап ететін шын мәніндегі маңызды тақырыптарды ығыстыра отырып, тағы да үлкен дүрбелең тудырып өтті. Осыған байланысты елімізде өткізіліп жатқан жергілікті деңгейдегі наразылықтар, өкінішке орай, әлемдік қауымдастық назарынан тыс қалды деп айтуға болады. Қазақтың азаматы ретінде ұлт намысына тиген сайқымазақтың сазайын тарттыру қажет деп санайтындардың қатарындамын. Дегенмен, біз не істей аламыз деген сұраққа халықаралық құқық тұрғысынан жауап іздеп көрген едім. Бұл жерде бізді алдымен мазалайтын сауалдар:

1. Біз «Боратқа» не істей аламыз және қандайда бір әрекетке баруымыз керек пе?

2. Неліктен «Борат» бізді қорлайды және біз оған намыстанғанымыз жөн бе?

Мәселенің құқықтық жағына келсек:

Алдымен айтарымыз – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) наразылық нотасын тапсыратын адресат жоқ екендігі туралы ескертуі шындыққа келеді. Неге десеңіз, наразылық нотасын, кез-келген басқа ноталар сияқты, бір елдің үкіметі екінші елдің үкіметіне жібереді. Ал біз аталған туындыны қайсыбір елге қатысы бар екенін нақтылы айта алмаймыз. Біз Саша Коэн азаматы болғаны үшін Ұлы Мәртебелі Елизаветаны немесе фильмді шығарумен және таратумен айналысқан «20th Century Fox, InterCom, Amazon» кинокомпаниясы тіркелген жері үшін Америка Құрама Штаттарын айыптай аламыз ба деген сұрақ туындайды? Қазақстан халқының ар-намысына нұқсан келтіретін фактілерді таратпау міндеттемесін бұзғаны үшін халықаралық шартта көзделген халықаралық құқықтық жауапкершілік болғанның өзінде:

А. "Бораттың" оқиғасы нақтылы деректерге құрылған деп ешкім айта алмайды;

Б. 56/83 қарарына сәйкес мемлекеттердің халықаралық құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігі, тіпті міндетті сипаты жоқ. Яғни, заңсыз әрекетті мемлекеттік орган немесе мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын адамдар жасауғанда ғана наразылық білдіре аламыз. Сондықтан Гаагадағы Халықаралық Сотта кейбір қоғам қайраткерлері талап етіп отырған істі жүргізу мүмкін емес. Себебі:

А. Мемлекеттер әрбір жеке іс бойынша соттың құзыретін мойындауы тиіс, ал бұл жағдайда тараптар тек мемлекеттер бола алады;

Б. "Бораттың" әрекетін "Жер" планетасындағы бірде-бір елдің әрекеті ретінде мойындау мүмкін емес.

Бұл жерде неғұрлым тиімді сценарий және мәселені заңды шешудегі жалғыз үміт – бұл дистрибьюторлық компанияның және/немесе Саша Коэннің жеке жауапкершілігі. АҚШ азаматтары болып саналмайтын этникалық қазақтар тобының Вашингтон штатында тіркелген "Борат 2» фильмінің дистрибуторы болып табылатын «Амазон» компаниясына қарсы ар-намысы мен абыройын қорлау (диффамация) туралы ұжымдық шағымның мүмкіндіктерін қарастырып көрейік.

Америка Құрама Штаттарында азаматтығы жоқ тұлғаның құқықтары ел азаматының құқықтарымен бірдей. Бұл азаматтық құқықтар АҚШ Конституциясымен, әр штаттың Конституциясымен, сондай-ақ бірқатар федералды және штаттық заңдармен қорғалған. Атап айтқанда, АҚШ Конституциясының III бабы тараптар әртүрлі мемлекеттердің азаматтары болған немесе бір тарап АҚШ азаматы, ал екінші тарап басқа елдің азаматы болған жағдайда федералды юрисдикцияны ұсынады. Әдетте соттың юрисдикциясы шетелдік тұлғаның құқығын бұзған заңсыз әрекет АҚШ-та жасалғанын растай алады. Ар намыс қорланған жерді қалай анықтауға болады? Егер фильм белгілі бір адамдарды ренжітсе, онда оны көру кімнің таңдауы? Фильмді жасаушылар оны көру туралы таңдауға жауапты ма? Активтері Қазақстанның номиналды жылдық ЖІӨ-мен тепе-тең келетін «Амазон» компаниясының өздерін ақтап шығатын үздік адвокаттар үшін ақшасы жеткілікті екенін ескерсек, іс соттың юрисдикциясын тану кезеңінде ақ нәтижесіз болатыны түсінікті.

Егер сотқа АҚШ азаматтары жүгінетін болса, мысалы, "Борат" ойлап тапқан стереотиптер салдарынан қорлауға ұшыраған асырап алынған этникалық қазақтардың ата-аналары арызданса да олардың позициясы әу баста әлсіз болатынын мойындау керек. Америка Құрама Штаттарының Жоғарғы Соты диффамация мен жала жабудан тұратын жалпы құқық бұзушылыққа қатысты алғашқы түзетулердің шектеулерін мойындағандықтан, соттар Конституциямен қорғалған сөз бостандығына кепілдіктер мен азаматтарды беделге нұқсан келтіруден қорғау қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікке жету үшін күресуде. Сонымен қатар, ар-намысты қорғау ақшалай өтемақымен шектелмейді, бірақ құқық бұзушыны "ең қысқа мерзімде" жауапқа тартуды міндеттеуі мүмкін. Вашингтон штатындағы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау туралы сот ісін жеңіп алу үшін Вашингтон штатының бірқатар сот прецеденттеріне сүйене отырып, 2013 жылғы диффамация туралы Заңды түзетуге немесе түсіндіруге қатысты актіге сәйкес, талапкерлер кем дегенде келесіні дәлелдеу керек:

1. Арызданушы туралы фактілердің терістігін және жалған ақпарат таратылғанын;

2. Фильм арқылы талапкерге зиян келтірілгенін;

3. Фильмдегі оқиғалар арқылы "шындыққа жанаспайтын" әрекет жасалғанын.

Бірақ жоғарыда айтылғандай, фильмді жасаушылар ондағы ақпаратты шынайы деп айтпайды. Керісінше, сот айыпталушының әрекеті АҚШ Конституциясымен кепілдендірілген ой мен сөз бостандығы аясында жүзеге асырылды деп санайды.

Ұлыбританияда, егер мәлімдеме адам туралы жаман ойлауға итермелесе, бұл жала болып табылады. Жала жабудың екі түрі бар: (1) жазбаша немесе басқа түрде жала жабу; және (2) жала жабу, әдетте ауызша немесе өзгеше түрде жасалынады.

Сот ісін жүргізу үшін жала жапқан нақты адам болуы керек және отбасының басқа мүшелері сотта жәбірленуші бола алмайды. Мысалы Құрманғазының ар-намысын қорлау ісі бойынша Ұлыбританияда тек композитордың өзі сотқа шағымдана алушы еді. Талапкер ағылшын сотында келесіні дәлелдеуі керек:

а) Өзіне қатысты беделін түсіретін мәлімдеме жасалғанын;

б) Мәлімдемеде көрсетілген жайлар немесе ар-намысты қорлау фактілерінің дәлелденуі мүмкіндігін;

2013 жылғы диффамация туралы Заң күшіне енгеннен бастап, талапкерге жала жабу туралы мәлімдеменің жариялануы оның беделіне "елеулі зиян келтіргенін" көрсету мүмкіндігі болуы үшін минималды талап бар. Бұдан шығатыны, өтініш беруші фильмде тікелей сілтеме жасалған нақты, тірі адам болуы керек.

Қазақстан тарапынан ойдан шығарылмаған кейіпкерлердің ішінен "Борат - 2" фильмінде тек "Премьер Назарбаев" образы ғана кездеседі, дегенмен бұл деректер де Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына нақты сілтемені сәйкестендіру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Тек фильмнің сценарийшілері "Президент" емес, "премьер" сөзін қолданады, өйткені сотта Н.Назарбаев ешқашан премьер болған емес және Қазақстанда мұндай лауазым тіпті жоқ деп ақталуы мүмкін. Сондай-ақ, кириллицадағы елдің атауы да қате жазылған, дәл Қазақ тілі деп меңзегенімен, ойдан шығарылған тілде сөйлеген. Мұның бәрі фильмді қиялдың әсерінен туған, фантастикалық түсірілім деп айту үшін жасалып ортыр. Голливудтағы әрбір фильм көрсетілімге шығар алдында сақтандырылады және сақтандыру компаниялары сценаристермен бірге сот тәуекелдерін барынша азайтатын арнайы заңгерлерді жалдайды. Осыны ескергенде қиялдан туған әлемнің атрибуттары қалайша нақты адамның намысына тиуі мүмкін екенін дәлелдеу қиынға соғады.

Ту туралы.

1968 жылдан бастап АҚШ-та мемлекеттік рәміздерді қорғау туралы Заң күшіне енді. Дегенмен мұндай заңдарды қабылдау әлемдік тәжірибеде көп деп айтуға келмейді. Мұндай заңның бірінші тарауында: (1) кім саналы түрде туды бүлдірсе физикалық тұрғыдан қорласа, өртесе, еденге немесе жерге тастаса – осы заңға сәйкес айыппұл салынуы немесе бір жылға дейінгі мерзімге түрмеге жабылуы мүмкін. Қазақстанның Туы қорлап пайдаланылған Австралияда 1953 жылғы «Ту туралы» заң қолданылуы мүмкін. Мұнда Генерал-губернатор Туды пайдалану ережелерін шығаруды қамтамасыз етеді. Алайда, заңды осындай ережелермен толықтыру өз ойларын ашық білдіру бостандығына шектеу келтіретін ықтимал қарама-қайшылыққа байланысты қабылданбай қалары сөзсіз. Біз АҚШ-тың жалауын қаншалықты жиі өртеп жатқанын байқаймыз, бірақ мен осыған бола ресми тұлғалардың жауап бергенін көрмедім. Осылайша, әрбір елдің туы сол елдің аумағында ғана қорғалуы мүмкін. Бұл орайда біз қандайда бір нәтижелі әрекет жасауға дәрменсіз екенімізді мойындауымыз керек. Ал, Австралияда мемлекет туының авторлық құқығы жеке компания ретінде танылған. Осыған байланысты тұрғындар тудың көшірмелерін жасау құқығын сатып алуға мәжбүр болып келеді.

Құқықтық өрістен тыс.

"Борат" - бұл ең алдымен коммерциялық жоба. Оған қарсы іс-қимылдың ең тиімді шарасы –экономикалық санкциялар болар еді. Барлық дистрибьюторлардың қызметіне толық тыйым салу, фильмге қатысты кез-келген платформаның қызметіне тыйым салу, оған фильм орналастырылған кезде ең қатаң шара болады. Бірақ, Қазақстанның мультимедиалық нарығы өте болымсыз екенін және мұнда "қарақшылық" сайттар әлі де кең таралғандығын ескерсек, фильмге экономикалық залал келтіру екіталай екені түсінікті. Сондай-ақ, ДСҰ-дағы неғұрлым қолайлы режимге қатысты міндеттемелер бойынша мәселелер туындайды. Экономикалық санкциялар әрқашан екі жақтың мүддесіне қатар зиян тигізетінін ескерген жөн. Ендеше, моральдық талабымызды қанағаттандыру үшін қаржылық тәуекелдерге бару қажет пе?!

Құқық бұзушыларды физикалық жазалау қажеттігі туралы жиі айтылуда. Мұндай әрекеттің ең жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін ескеру керек. Жақында мұғалімнің аяусыз өлтірілуінен шошынған Франция ынтымақтастық акциясын өткізеді. Франция мұсылмандары қылмыстың діни себептермен жасалғанына байланысты жәбірленушінің туыстарынан кешірім сұрауда. Қазақ қоғамы өзін зайыры мемлекет ретінде атай отырып, мұндай әрекеттерге барғаны қалай қабылданар екен?!

Мәні бойынша.

Демократтардың кез-келген іс-әрекетінен «қастандық теориясын» көруге дайын республикашыл американдықтар, таза нәсілшіл пікірлерге, педофилиямен шектесетін мінез – құлыққа, жыныстық зорлық-зомбылыққа төзімділікпен қарайтынын көріп жүрміз. Осы орайда, халық жақсы қабылдаған "Бораттың" қасақана ақымақ әрекеті Қазақстан жайында емес, Американың саяси-әлеуметтік тіршілігін әшкерелейтінін айта кету керек. Американдықтардың көпшілігі – жоғары мамандандырылған адамдар, олар тек өз кәсібі мен әуестігі туралы терең ақпарат алуға ұмтылады. Экономикалық географияға қызығушылық таныта бермейтін олар әлем туралы көп біле бермейді. Америка азаматтарымен болған бір отырыста мен Қазақстанның қай жерде орналасқанын сұраған едім. Олар: «АҚШ - та емес!» – деп жауап берді. Былайша айтқанда, олар өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз ететін елде тұратындықтан, бүкіл өмірін АҚШ-та өткізе алатын және елден кеткісі келмейтін, шекарадан тыс әлемге қызығушылық танытудың қажеті жоқ деп есептейтін қоғам болып саналады. "Боратта" Қазақстан атынан атрибутика ғана алынғанын ескерсек, мұны түсінбейтін адамдарға ренжу, дөңайбат көрсету қаншалықты нәтижелі болмақ? Бұл психологиядағы сияқты, егер сіз агрессияға бей-жай қарасаңыз, агрессияның мағынасы жоғалады. Сондықтан, «Борат» фильміне назар аудармай, әрі қарай даму жолымен жылжу керек! Бұл жерде дамыған мемлекеттермен деңгейлес келетін жоғары технологияларды меңгеріп, әйгілі спортшылар мен суретшілерді тәрбиелеп, озық экономика, мәдени экспансия немесе әлемдік деңгейдегі фильмдер жасап, өзгелер тамсанатын жетістіктерге қол жеткізген мемлекет құрғанымыз әлдеқайда тиімді болар еді.

Сырым Әбіл,

Халықаралық құқық магистрі

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036