Сенбі, 23 Қараша 2024
2220 0 пікір 26 Қазан, 2020 сағат 11:25

Тоқаев: Қазақстан БҰҰ-ның бастамаларын қолдайды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 75 жыл толады. Осыған орай күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.

- Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер өткен күндерге көз жүгірте отырып, Ұйымның осы уақыт аралығында қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалайтыны анық. Барша жаһан жұрты қазіргідей бастан кешіп отырған экономика мен геосаясаттағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан кешіп отырған сәтте, Біріккен Ұлттар Ұйымына миллиондаған адамдар, оның ішінде осал топтар үлкен үміт артады,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің есеп беретіндігі мен тиімділігін әрі мәмілегершілігін арттыруға арналған Антониу Гутерриштің айнымас күш жігері мен стратегиясын толықтай қолдайтынын айтып өтті.

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың қорғалуы мен сақалуына біз тікелей жауаптымыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіз, тұрақты және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерін Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізгім келеді,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, аталған жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының барша қызметкерлері мен төрағасы Антониу Гутерришке барша игі бастамаларының сәтті болуына ниеттес екенін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан аталған халықаралық ұйымға 1992 жылдың 2 наурызынан бастап мүше болды. Мұндай халықаралық ұйымға мүше болу Тәуелсіздігін енді жариялаған жас мемлекетке экономикалық-саяси, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық, экологиялық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты орнатуға жағдай жасайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған кезеңдерде Қазақстан іске асырылып жатқан немесе әр жылдарда жүзеге асқан бірнеше бастамаларды ұсынды. Атап айтсақ:

-Орталық Азия экономикасы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бағдарламасын құру; (СПЕКА)

-Біріккен Ұлттар Ұйымы “Рио + 20” орнықты даму жөніндегі Конференциясының қорытынды құжатында негізгі компоненттері көрініс тапқан әлемдік энерго-экологиялық стратегияны әзірлеу;

-Семей және Арал сияқты экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарды қалпына келтіру;

-29 тамызды Халықаралық ядорлық сынақтарға қарсы күрес күні ретінде жариялау;

-Ауғанстандағы және Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық торабын құру жөніндегі бастама;

-Мемлекет басшысының “Әлем. XXI ғасыр” манифесті Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығына жіберілді және Бас ассамбляның құжаты ретінде, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің құжаты ретінде S/2016/317 тіркеу номерлерімен Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер арасында алты ресми тілде таралды;

-2010 және 2013-2022жылдарды Халықаралық жыл және мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы ретінде жариялау;

-Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақырту т.б;

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты ұстанып келеді. Ал, ҚР-дың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы негізгі қызметі экономикалық даму, қоршаған ортаны сақтау, бейбітшілік пен қауіпсіздік, әлеуметтік даму, денсаулық сақтау мен халықаралық құқық, сонымен қатар гуманитарлық мәселелердің шешуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы аталған халықаралық ұйымға мүше болғаннан бастап бірнеше бағытта айқын белсенді ұстанымын көрсетті. Сондай-ақ, қауіпсіздік саласында бірқатар бастамалар да ұсынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351