Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3480 0 пікір 24 Қаңтар, 2012 сағат 07:56

Ескі де жаңа үкімет: тағайындаулар жалғасып жатыр

Жаңа Мәжілістің қолдауымен орнында қалған ескі де жаңа үкіметте ішінара өзгерістер мен тағайындаулар жалғасып жатыр. Соның кезектісі кеше кешке болды. Президенттің жарлығымен Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал, бұрынғы атауын қайта алған Мәдениет және ақпарат министрілігінің екі тізгін бір шылбыры Дархан Мыңбай мырзаның құзырына тиді.

Қазақтың сөзін, жанын түсінетін, мемлекетшіл азаматтардың жаңа тағайындалған лауазмды қызметтерінде ұлттың ұлы мұраттарына жұмыс істеп, табыс биіктерінен көріне беретіндігіне сенеміз.

«Политический значениесі» бар саяси науқандарды ақ тер, көк тер болып жүріп «сәтті»  өткерген Қанат Саудабаев мырза «Назарбаев орталығының» директоры қызметіне бекіді.

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы

1960 жылы 12 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты: мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы.
1983-1992 жж. Қазақ энциклопедиясында аға ғылыми редактор, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1992-1999 жж. «Атамұра» корпорациясын басқарды.

1999-2001 жж. депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы.
2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003-2004 жж. - Президент кеңесшісі.
2004 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы.
2007 ж. қаңтар айынан Қызылорда облысының әкімі. Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешенінде арнаулы өкілі.
2008 ж. мамыр айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 ж.). «Құрмет» орденімен марапатталған (2004 ж.).

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай

1962 жылы 26 қаңтарда Шымкент облысы Түлкібас ауданының Димитров ауылында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша; Шымкент университетін (2006) экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
«Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының авторы.

1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы. 1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік- ҚазТАГ) редакторы, 1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы. 1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі. 1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімініңаға референті. 1994 жылдан - «Өркениет- Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы. 1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице - президенті. 1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы. 1997 жылдан  ОҚО әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі. 2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары. 
- ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008 жылдан бері - ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552