Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2292 2 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 15:05

«Қазақстанда зейнеткерлік жасты одан әрі ұлғайту күн тәртібінде жоқ»

ҚР Үкіметі «Қазақстан коммунистік партиясы» фракциясының зейнеткерлік жасты төмендетуді ұсынған тиісті депутаттық сауалына жауап берді.

Үкімет таратқан мәлімет бойынша, қазір зейнеткерлік жасты көтеру туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ.

«Қазақстан коммунистік партиясы» фракциясының зейнеткерлік жасты төмендетуді ұсынған тиісті депутаттық сауалына жауап ретінде 2018 жылдан бастап күшіне енген өзгерістермен бірге Қазақстан Республикасында қолданыстағы зейнетақы жүйесі туралы түсініктеме берілді.

Сонымен қатар, еңбек нарығында пайда болған әлемдік тенденциялар мен  әр түрлі елдердегі демографиялық үрдістер негізге алынған.

Премьер-Министрдің жауабында «Қазақстанда зейнеткерлік жасты одан әрі ұлғайту туралы ештеңе айтылмаған, өйткені мұндай мәселе бүгінгі күн тәртібінде жоқ»,- делінген.

Сонымен, кейбір БАҚ-тарда «Қазақстанда зейнеткерлік жасты ұлғайту жоспарланып отыр» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420