Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2955 1 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 11:40

Арменияға 200 ресейлік бітімгер барды

Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтары Арменияға 200-ден астам бітімгерді жеткізді.

Ресей қорғаныс министрлігі хабарланғандай, 15 бітімгер бригада командирлері мен жауынгерлер Ил-76 ұшағымен Армения жеріне қонған.

Олар жайғасатын аймаққа бронетехника мен байланыс құралдары жеткізілген.

Таулы Қарабақта жанжал болған аймақта қазір тыныштық орнату үшін екі мыңдай сарбаз жеткізілген.

Ресейлік әскер Армения мен Таулы Қарабақты байланыстырып тұрған Лачин бойында орналасады.

10 қараша түні Армения мен Әзербайжан лидерлері және Ресей президенті Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Құжатқа сәйкес, Әзербайжан соңғы жанжалда иеленген аймақтарды өз бақылауында сақтап қалады.

Жанжал кезінде Таулық Қарабақтан қашып кеткен тұрғындар мекеніне оралады. Келісімге сәйкес, бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін ресейлік жауынгерлер аталған аймақта кемінде бес жыл болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972