Зейнеткерлердің тұрмыстық жағдайы қандай?
Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының сарапшылары зерттеу барысында, зейнеткерлер үшін ең жақсы тұрмыстық жағдайлары қай елдерде жасалғанын анықтады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2,2 млн зейнеткерлер тіркелген. Зейнетақының орташа мөлшері 94 913 теңге (220 доллар) құрайды. Зейнеткерлік жасы ер адамдар үшін 63, ал әйелдер үшін-59,5 жас деп белгіленген. Бұл жағдайда, әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын кезең-кезеңмен қосу қарастырылған. 2027 жылға қарасты, ол 63 жасқа дейін өседі.
Орташа айлық номиналды жалақыны есепке алғанда, (204 330 теңге немесе 473 доллар), қазақстандықтар зейнетке шыққанда, 2,15 есе кем алады. Осыған ұқсас жалақы мен зейнетақы төлемдерінің ара қатынасы Ресей, Италия, Финляндия және Канадада айқындалған. Алайда, кейбір елдерде, зейнетақы мөлшері айлық жалақыдан 1,27 есе кем, мысалы, Данияда.
Зейнетақы мен жалақының ара қатынасы
Басқа елдегі зейнеткерлердің тұрмыстық жағдайлары қандай
АҚШ. Америкада орташа айлық жалақы 4 150 доллар құрайды, бұл зейнетақы төлемдерінен 2,76 есе көп (айына 1 503 доллар). Зейнеткерлік жасы ер адамдар үшін 67, ал әйелдер үшін 65 жас. Бірақ, зейнетке мерзімнен бұрын шығу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда, зейнетақы төлемдерінен 20% айппұл төлеу қажет және зейнетке 62 жаста шығуға болады.
Канада. Орташа жалақысы 4 454 канадалық доллар құрайды (3 400 АҚШ доллары). Бұл мөлшері 1 870 канадалық доллар (1 416 АҚШ доллар) құрайтын орташа зейнетақыдан 2,4 есе артық. Зейнетке 65 жаста шығады.
Франция. Салық төлеу алдындағы орташа жалақысы айына 3 085 евро (3 609 доллар) құрайды, ал зейнетақы – 3,08 есе аз (1 000 евро немесе 1 170 доллар). Француздар зейнетке 62 жаста шығады.
Ұлыбритания. Еңбекке жарамды халық орташа алғанда, айсайын 2 210 фунт (2 873 доллар) табады. 65,5 жаста зейнетке шыққандар, 4,12 есе кем алады (535 фунт немесе 696 доллар).
Лихтенштейн. Корольдықта бүкіл әлем бойы ең жоғары жалақы айқындалған - орташа алғанда, айына 5 000 евро (5 850 доллардан) астам. Зейнеткерлердің тұрмыстық жағдайлары да өте жағымды. Зейнетке 64 жаста шыққанда, тұрғындар орташа алғанда, 3 000 евро (3510 доллар) мөлшерінде төлемдер алады, ол айлық жалақымен салыстырғанда, бәрінен 1,66 есе кем.
Дания. Зейнеткерлерге мінсіз жағдай жасаған мемлекеттердің бірі. Еңбекке жарамды халық орташа алғанда 24 315 даталық крон (3 835 доллар) алады. Ал зейнеткерлер 65 жастан бастап – 19 000 крон (шамамен 3 000 доллар), атап айтқанда, жалақыдан тек 1,27 есе аз алады.
Германия. Орташа жалақысы 3 771 евро (4 412 доллар) құрайды. Осындай жоғары жалақымен, адамдар 65,5 зейнеткерлік жасында айсайынғы төлемдерін 5 есе кем алады – 770 евро (900 доллар). Алайда, мемлекет зейнеткерлердің коммуналдық төлемдерін атқаруды өзіне алады.
Финляндия. Орташа айлық жалақысы бұнда 3 548 евро (4 151 доллар) құрайды. Зейнетақы төлемдерін Финляндияда 63 жастан бастап алуға болады, орташа мөлшері 1522 евро (1781 доллар), бұл жалақыдан 2 еседен аса кем шығады.
Италия. Итальяндықтардың орташа жалақысының мөлшері 2 415 евро (2 826 доллардан) шамалы жоғары. Оларға 67 аста зейнетке шығуға болады және дағдылы жалақысынан 2 есе кем төлемдер алып отырады – орташа 1 200 евро (1 404 доллар).
Түркия. Еңбекке жарамды халықтың айлық орташа жалақысы – 10 128 лир (1 200 доллар). Бұл жағдайда зейнеткерлер төлемдер бойынша артта емес – шамамен 5 900 лир (699 доллар). Бұрын бұл елде зейнеткерлік жасы 45 жастан басталатын, қазір заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, әйелдер 58 жаста, ал ерлер 60 жаста зейнетке шығуға тиіс.
Жапония. Орташа жалақысы жоғары деңгейде бола тұра – 310 000 иен (2 971 доллар) – зейнетке 65 жасында шыққан жапондықтар, көп-көрім төлемдер алады 177 378 иен (1 700 доллар), бұл жалақыдан шамамен біржарым есе кем.
Белоруссия. Белорустардың орташа айлық жалақысының мөлшері 1 265 рубль (479 доллар). Зейнеткерлік жасына келген ер адамдарға 61,5 жаста және әйелдерге 56,5 жасында зейнетақы төлемдері 446 беларус рублінде атқарылады, бұл жалақыдан 2,83 есе кем.
Ресей. Ресейліктер айсайын орташа 36 000 рубль (463 доллар) табады. Бұнда зейнетақы жалақыдан 2 еседен астам төмен – 16 500 рубль (212 доллар). Зейнетақылық төлемдері Ресейде әйелдерге 56,5 жастан және ерлерге 61,5 жастан қолжетімді.
Қырғызстан. Еңбек жалақысы орташа 18 000 сом (215 доллар). Зейнеткерлік жасына келген тұрғындар (55 жас әйелдер үшін, ерлер үшін- 60) айлық зейнетақылық төлемдерін орташа 6 061 сом (72 доллар) мөлшерінде алуы мүмкін, бұл жалақымен салыстырғанда, 3 есе кем.
Зейнетақылық төлемдерін зейнеткерлік мерзімінен бұрын қалай алуға болады
Зейнетақылық төлемдерінің деңгейі еңбекақыдан елеулі айырмашылығы жоқ барлық елдерде, соның ішінде, Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі келесі қағидада жұмыс істейді: болашақта негізгі зейнетақыны қалыптастыратын табыстардан түскен жарналарды, жұмыс берушінің немесе қызметкердің жүзеге асыруы, және зейнетақылық аннуитет бағдарламасы бойынша, өмірді сақтандыру компанияларымен шарт жасасу.
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде, Қазақстанда зейнетақылық аннуитет бойынша барлық жасалған шарттардың жалпы сомасы 51 млрд теңгеден астам құраған, бұл былтырғы көрсеткіштерге қарағанда, 10% артық (46 млрд теңге). 10 жыл ішінде, зейнетақылық аннуитет бойынша сыйлықақылар 85% өскен. 2010 жылы олардың сомасы шамамен 8 млрд теңге құраған.
Нарықтағы ұдайы құнсыздануға байланысты, доллар бағамына индекстелген зейнетақылық аннуитет өнімдері пайда болуда. Бұл ерікті сақтандыру болғандықтан, Freedom Finance Life сарапшылары, өмірбойы зейнетақы алуды қамтамасыз ететін кепілдеме беретін ӨСК таңдауға назар аударуды ұсынады, және де, ӨСК қаржылық төлемқабілеттілігінің рейтінгін, сонымен қатар, қызметін жүзеге асыру бойынша ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болуына.
Естеріңізге саламыз, құнсызданудан сақтайтын зейнетақылық аннуитет шартын жасасу кезінде, Сақтанушы зейнетке шығу мерзімін күтпей төлемдерін алуы мүмкін (ерлер 55 жасында, ал әйелдер 51,5 жаста). Және де, компания доллар бағамына индекстелген тұрақты төлемдерін Сақтанушыға өмір бойы атқарады.
Abai.kz