Сенбі, 23 Қараша 2024
3878 5 пікір 14 Қараша, 2020 сағат 13:31

Лукашенко: Президенттің өкілеттігін басқа органдарға беруді бастадық

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2021 жылға дейін өз өкілетін басқа органдармен бөлісуді жоспарлап отырғанын айтты. 

«Бізде элита деп аталатындардың бір бөлігі конституциядағы өзгерістеді, тепе-теңдікті қалап отыр. Яғни, оны теңдестіру керек. Мен мұны істей бастадым. Қазіргі конституциямен де ешкім кедергі келтіре алмайды. Міне, біз президенттің 57 немесе 70 өкілеттігін санадық, оларды қазіргі конституция бойынша басқа органдарға беруге болады. Біз мұны бастадық. Адамдар көруі үшін. Өкілетті беруге болады. Бірақ олар бұл өкілетті қалай атқара алатыны - мәселе», - деді Лукашенко Беларусь пен шетелдік саяси шолушыларға берген сұхбатында.

«Жаңа жылға дейін адамдар кейбір өкілет бойынша бір нәрсе көреді. Парламент, үкімет: жарайды, міне, бес мәселе бар, олар бойынша президентсіз шешім қабылдаңыз. Келісіп қабылдасаңыздар, мен заңға қол қоямын. Адамдарға конституцияны бұзбай осы жазылған авторитарлық жүйеден тыс қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетемін», - деді Александр Лукашенко.

«Хабар»  агенттігінің төрағасы Ерлан Бекхожин Александр Лукашенкодан президенттік лауазымнан қандай жағдайда бас тартуы мүмкін екенін де сұрады.

«Кенеттен деген болмайды. Уақыты келгенде бұл лауазымнан кетемін. Бірақ кенеттен кету қауіпті», - деді Лукашенко.

Сондай-ақ ол әрі қарай қандай қадамдар жасалатынын алдағы жиында хабарлайтынын тілге тиек етті.

«Біз адамдарды тастап кетпейміз, ондай қадамға бармаймыз. Ешқайда қашатын ойым жоқ, қашпаймын да. Адамдарды сатып, тастап кете алмаймын», - дегенді қосты ол.

Ал Ерлан Бекхожиннің Беларусь, Грузия, АҚШ, Қырғызстан секілді елдердің барлығында өткен президенттік сайлаудың толқулар мен ереуілдер ұласуының себебі жайлы сауалына А.Лукашенко:

- Өзім де осы сауалға жауап іздеудемін. Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты ғана емес, мұның өзі ерекшеліктері бар. Ол жайлы өздеріңіз де білесіздер. Мен де сіздер сияқты айналамызда болып жатқан ауқымды процестерге алаңдаулымын. Біз бұған қарсы жоғары иммунитет қалыптастыруымыз керек,- деді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483