Сенбі, 23 Қараша 2024
4179 15 пікір 18 Қараша, 2020 сағат 14:50

«Ауыл» партиясы депутаттыққа кімдерді ұсынды?

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімі бекітілді.

Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, «Ауыл» партиясынан мәслихат депутаттығына 654 кандидат тіркелген.

«Бүгін Мәжіліске ұсынылатын кандидаттардың барлығы сарапшылармен, өңір өкілдерімен, саяси кеңес, төралқа мүшелерімен талқыланып, қолдау тапты. Енді съезд қарауына ұсынылып отыр», - деді Әли Бектаев.

Сөйтіп, «Ауыл» партиясы орталық аппаратының басшысы Қуаныш Сейітжанов Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жария етті. Тізімге 19 адам кіріп отыр.

Олар:

1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов;

2. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының жетекшісі Қарлығаш Аралбекова;

3. «Номад» шаруа қожалығының төрағасы Николай Арсютин;

4. Қазақстан журналистері кәсіподағының басшысы Зейін Әліпбеков;

5. «Зылиқа» шаруа қожалағының төрағасы Нұржігіт Бегалы;

6. «Астана» ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кооперациясы« АҚ басқармасының төрағасы Талғат Зейнуллин;

7. ҚР Қазақстан жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы;

8. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің департамент директоры Әйгерім Көкеева;

9. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат;

10. «Инновациялық технологиялар академиясы» ЖШС-нің бас директоры Болатбек Қыстау;

11. ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықов;

12. Экономика, қаржы саласының білікті маманы Алмас Мұхаметов;

13. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков:

14. Айдар Саттаров;

15. ҚР БҒМ ҒМ Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин;

16. «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков;

17. Экономика ғылымдарының докторы Рабиға Тоқсейітова;

18. «Әдемі-ай» компаниясының құрылыстайшысы Бахаргүл Төлеген;

19. «Азимут» ЖШС-ның директоры Валентин Хаданович.

Сонымен қатар, биылғы сайлауда үміткерлердің үштен бірі жастар мен әйелдер болуы шарт.

«Бұл критерийлермен өз басым толық қосыламын. Жастарды да, қыз-келіншектерді де түрлі билік саласына араластыруды көбейту мақсатында жасалып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бізде барлық өңірде конференциялар өтті. Солардың барлығында да тиісті деңгейдегі мәслихатқа кандидаттар ұсынылды. Партиялық тізімдер тіркелді»- деді Әли Бектаев.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415